20 шілде 2018 19:39

Денис Теннің қазасы: Күдіктілер өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

Денис Тенді өлтірді деген күдіктілер Арман Құдайбергенов пен Нұралы Қиясов өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Денис Тенді өлтірді деген күдіктілер Арман Құдайбергенов пен Нұралы Қиясов өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстандық танымал адвокат Айман Омарованың айтуынша, автоұры делінген екі жігіт ұрлық пен тонау дерегін жасырғысы келген немесе қылмысын жеңілдеткісі келген. Ал бұл ауырлататын мән-жай болып саналады.

"Бастапқыда адам өліміне әкеп соққан ауыр дене жарақатын салу деді. Ал меніңше, бұл қылмысты жасыру үшін адам өлтіру. Олар тонады немесе ұрлық жасады. Істің жағдайына байланысты. Бірақ тонау деп тұспалдаймын. Бұл 99-баптың 2-бөлігі, бұл айдан анық", - деді адвокат.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети