23 шілде 2018 12:51

Денис Теннің өлімі: Қоғам белсенділері ІІМ мен ІІД басшылығын ауыстыруды талап етті

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Алматының Қоғамдық кеңесінің мүшелері қалалық ІІД мен ІІМ басшылығын ауыстыруды ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі


Алматының Қоғамдық кеңесінің мүшелері қалалық ІІД мен ІІМ басшылығын ауыстыруды ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі

Отырысты қала тұрғындарын қауіпсіздікпен қамтамасыз ету мәселесі қаралып жатыр. Қоғамдық кеңес мүшелері қазіргі уақытта жүйелі жұмыстың атқарылмай жатқанын, сондықтан басшылықтың ауысқаны жағдайды жақсартады деген пікірге келді.

"Біз әрқайсысымен жеке күресіп жатқан жоқпыз. Белсенді түрде кірісу керек. Бас прокурор Қайрат Қожамжаровқа, ҰҚК төрағас Кәрім Мәсімовке, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаевқа және ІІМ басшысы Қалмұханбет Қасымовқа хат дайындап қойдық,

Қызметтік сәйкестігі жайлы мәселені және ІІМ басшысы мен қалалық ІІД басшылығын отставкаға жіберу мәселесін көтеріп жатырмыз. Мұндай шешімдер қабылдамасақ, адамдар үйреніп алады. Басшылықты жаңарту қажет", -  Қоғамдық кеңес мүшесі Рахман Алшанов отырыс барысында.

Еске сала кетейік, 19 шілдеде Алматыда екі адам Денис Тенді пышақтап кеткен болатын. Оқиға шамамен 15.00-де Құрманғазы мен Байсейітова көшелерінің қиылысында болған. Кейін қалалық ІІД өкілдері Денис Тенге автоұрылар шабуыл жасағанын мәлімдеді. Сөйтсек, спортшы ұрылардың үстінен түскен болып шықты. Жанжал кезінде спортшының аяғына пышақ тиіп, көп қан жоғалтқан. Ол ауруханада көз жұмды.

Денисті өлтірді деген күдікпен екі жігіт ұсталды. Олар: Нұралы Қиясов пен Арман Құдайбергенов. Екеуі де қылмысты мойындады және оқиға кезінде Денис Тен екенін білмегендерін айтты. 

Денис Теннің өлімі ұлттық трагедия болды. Әлемнің әр бұрышынан адамдар хабарласып, спортшының отбасына көңіл айтып жатыр. Кеше, 21 шілдеде Алматы мен Астанада спортшымен қоштасу рәсімі өтті.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети