07 ақпан 2017 13:22

Дүкен сатушысын екі соққымен есінен тандырған павлодарлық ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Павлодарда жаңа жыл түні дүкен сатушысын аяусыз соққыға жыққан ер адамды ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Павлодар облыстың ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Павлодарда жаңа жыл түні дүкен сатушысын аяусыз соққыға жыққан ер адамды ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Павлодар облыстың ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Полицейлерге бұзақының кім екенін анықтау үшін бір ай уақыт кеткен. Ол Павлодардың 34 жастағы тұрғыны екен. "Ұсталған азамат 31желтоқсаннан 1 қаңтарға қараған түні дүкенді тонады деген күдікке ілінді. Күдікті бетіне бетперде киіп, қала дүкендерінің біріне кіріп, сатушыны ұрып-соғып, кассадан 40 мың теңгені алып кеткен", - деді өңірлік полиция департаментінің мамандары. 

Қазіргі уақытта ол қамауға алынған. Бұрындары ол қарашылық шабуыл жасағаны үшін сотталған екен.  

 

Шокирующие кадры нападения на продавца в Павлодарe _____ Видео с жестоким избиением появилось в сети. Мужчина в маске зашел в магазин и неожиданно ударил в лицо продавца. В описании к видео отмечено, что нападение произошло в районе Второго Павлодара. Камеры видеонаблюдения зафиксировали, как преступник забирает выручку, перед этим несколько раз ударив уже лежащую на полу женщину. У пользователей интернета это видео вызвало шок, в комментариях они требуют наказать злоумышленника. ______

Еске салайық, Instagram желісінде жарияланған видеода медициналық бетперде киген ер адам дүкенге кіріп, жылдам қадамдар жасап бар күшімен келіп сатушының басынан ұрады. Соққы алған сатушы бірнеше секундтар бойы ес түсін білмей жатады. Осы кезде қаскүнем кассаға бас салып бар ақшаны алып, оқиға орнынан қашып кетеді. 

Видеода түсірілімнің 2016 жылдың 31 желтоқсанында шамамен саған ондарда болғаны белгілі. Әлеуметтік желіде club_dobryakov_pavlodar тобының белсенділері "Қылмыскер жазасын алуы керек, репост жаса, оның кім екенін барлығы білсін", - деп видеоны таратып жатыр. Ұры сол дүкенге 25 минут бұрын кірген болуы мүмкін. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети