18 тамыз 2014 11:26

Екі адамды қағып кеткен әскери қызметші жұмыстан қуылады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қызметтік куәлік. ©yvision.kz Қызметтік куәлік. ©yvision.kz

Ақтөбеде екі жаяу адамды қағып кеткен әскери қызметші жұмыстан шығарылады. Tengrinews.kz тілшісіне бұл туралы Әуе қорғанысы күштері әскери институтының өкілдері хабарлады.


Ақтөбеде екі жаяу адамды қағып кеткен әскери қызметші жұмыстан шығарылады. Tengrinews.kz тілшісіне бұл туралы Әуе қорғанысы күштері әскери институтының өкілдері хабарлады.

"Бұл әдеттен тыс оқиға саналады, әрі әскери қызметшінің абыройын төгіп, ҚР Қарулы күштерінің беделіне нұқсан келтіреді. Құқық қорғау органдары қызметкерлері 2014 жылдың 15 тамызында капитан Мұхит Әубәкіровке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабының 1-бөлігі - "Автомобильдi, троллейбусты, трамвайды не басқа да механикалық көлiк құралын жүргiзушi адамның жол қозғалысы немесе көлiк құралдарын пайдалану ережелерiн бұзуы, абайсызда адамның денсаулығына ауыр зиян келтiруі" бабы бойынша қылмыстық іс қозғады", - деп түсіндірді порталдың ресми сауалына жауап берген әскери институт бастығы Марат Ботин.

"ҚР Қорғаныс министрлігінің жоғарғы органдарына капитан Мұхит Әубәкіровті оған қатысты қылмыстық іс қозғалуына байланысты қызметтен аластату туралы материал жолданды. Қазақстан - құқықтық мемлекет, сондықтан капитан Әубәкіровтің айыптылық деңгейі мен жазасының қатаңдығына қатысты түпкілікті шешімді сот билігі қабылдайды. Соттың шешімінен соң капитан Әубәкіров ҚР заңнамасына сәйкес, ҚР ҚК қатарынан шығарылатын болады", - деді Ботин.

Еске сала кетейік, әскери қызметші екі адамды қағып кеткен кезде оқиға куәгерлері оны жазаламақ болған еді. Осы сәт түсірілген бейнежазба кейін Интернетке орналастырылды.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 445.66   490.7   4.78 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети