02 желтоқсан 2014 20:20

Екібастұзда 90 жастағы Еңбек Ерін өлтірген қылмыскер 20 жылға сотталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Социалистік Еңбек Ері Станислав Куржей. © time.kz Социалистік Еңбек Ері Станислав Куржей. © time.kz

Екібастұзда 90 жастағы Еңбек Ерін өлтірген қылмыскер 20 жылға түрмеге қамалды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. Естеріңізге сала кетейік, Еңбек Ері тонаушының құрбанына айналған болатын.


Екібастұзда 90 жастағы Еңбек Ерін өлтірген қылмыскер 20 жылға түрмеге қамалды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. Естеріңізге сала кетейік, Еңбек Ері тонаушының құрбанына айналған болатын.

Павлодардағы ауданаралық мамандандырылған қылмыстық сот Павлодар облысының құрметті тұрғыны, Социалистік Еңбек Ері Станислав Куржейдің өліміне қатысты істі аяқтады. "Осы іс бойынша күдікті 23 жасар Сабирьян Васильев "Тонау", "Қарақшылық", "Аса қатігездікпен адам өлтіру" және "Құжат ұрлау" бойынша айыпты деп танылды. Сот үкімімен ол 20 жылға бас бостандығынан айырылып, жазасын қатаң тәртіптегі калонияда өтейтін болады", - деп судья Нұрлан Айтбаев үкімді оқыды. Одан өзге, айыпталушы Еңбек Ерінің ұлы Евгения Куржейге 2,9 млн теңге моральдық шығын төлейді.

Пікірсайыс кезінде мемлекеттік айыптаушы Наталья Лопатина соттан айыпталушыны кәнігі қылмыскер деп танып, 22 жылға бас бостандығынан айыру жазасын сұраған болатын. "Істі қарау барысында Васильев мінезін талай өзгертті. Ол алғашында өз айыбын толықтай мойындағанмен, кейіннен ол ойынан айныды. Алайда оның айтқан сөдері бір-біріне қайшы келіп жатты", - дейді прокурор Лопатина. Десе де, айыпталушы өз кінәсін толықтай мойындамады. Ол қайтыс болған Еңбек Ерінің туыстарынан кешірім сұрап, ұрлыққа түскен үйдің кімнің үйі екенін білмегенін, қарияны өлтірмегенін айтып ақталды.

Тергеушінің мәліметі бойынша, ақсақалдың баласымен қылмыскер бұрыннан таныс болған. Ол үй иелері жоқ деп ойлап, Куржейдің үйіне ұрлық жасау мақсатымен кірген. Полиция қызметкерлері атап өткендей, қарияны өлтіру қылмыскердің жоспарында болмаған. Ол ұрлығының үстінен шығып қалған қарияны, куәгер болмасын деп өлтірген. Қылмыскер қарияға үш рет пышақ салған. Сонан соң қымбат, бағалы заттарды алып кеткен. Ұрланған заттардың жалпы құны екі миллион теңгені құрайды.

Естеріңізге сала кетсек, 90 жастағы Еңбек Ері Кружей өз үйінде өліп жатқан жерінде 13 маусым күні таңертең табылған. Оның өлі денесін алғаш болып үй қызметкері көрген. Үйден ақша және бағалы заттар ұрланғаны белгілі болды. Сондай-ақ, қайтыс болған қарияның баласына тиесілі Honda автокөлігі ұрланған. Сол күні Павлодар облысына қарасты Солнечный ауылының үш тұрғыны құрықталды. Алайда тексеру барысында олардың екеуінің қылмысқа қатысы жоқ екені анықталды. Олар автокөлікке жолай отырған және көліктің ұрлықы екенінен хабарсыз болған.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети