22 желтоқсан 2014 15:16

Екібастұзда қылмыс жасаған төрт адам іздестіріліп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

©РИА Новости ©РИА Новости

Екібастұзда қарақшылық, ұрлық, бөтеннің мүлкін қасақана жою, жол қозғалысы мен көлік құралын пайдалану ережесін бұзу, денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру қылмыстарын жасаған төрт адам іздестіріліп жатыр, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Павлодар облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Екібастұз қаласы ІІБ криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері ҚР ҚК 296-бабының 2-бөлігі ("Жол қозғалысы және көлік құралдарын пайдалану ережесін бұзу") бойынша қылмыс жасаған Абақанов Қуаныш Мұратұлын іздестіріп жатыр. Ол 1983 жылы Ақтоғай ауданының Спартак ауылында туған. 

Криминалдық полиция онымен бірге 1994 жылы Екібастұз қаласында туған Әбғожинов Әбуқожа Тасболатұлына да іздеу жариялады. Полицейлердің мәліметінше, ол бұзақылық, қарақшылық, бөтен адамның мүлкін қасақана жою сияқты қылмыстарды жасаған. Бұған қоса, ұрлық жасағаны үшін 1990 жылы туған тағы бір жергілікті тұрғын - Ерғалиев Бақыткелді Қойбағарұлы мен денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру қылмысы бойынша айыпталған Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданының 1978 жылғы тұрғыны Әбубәкіров Ерлан Балқыбекұлына да іздеу жарияланды. Полиция бұл азаматтар туралы ақпарат білетіндердің бәрінен 102 немесе жергілікті 75-06-06 нөміріне хабарласуды өтінеді. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети