07 қазан 2019 16:07

Екібастұзда өрт шыққан ескі ғимараттан ер адам өлі табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Өрт сөндірушілер ер адамның денесін Екібастұз қаласында жұмыс істемейтін бұрынғы кірпіш шаштараз салонынан анықтаған, - деп хабарлайды "Павлодар жаңалықтары".


Өрт сөндірушілер ер адамның денесін Екібастұз қаласында жұмыс істемейтін бұрынғы кірпіш шаштараз салонынан анықтаған, - деп хабарлайды "Павлодар жаңалықтары".

Бұл туралы облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметі мәлім етті.

"Абай көшесінде тоғыз қабатты үйге жапсарлас салынған үй-жайда өрт шыққаны туралы хабарлама сағат 22.35-те түсті. Бұрынғы шаштараз үй-жайы орнында бес қума метр жылу оқшаулағыш құбырлары жанған. Оқиға орнында өрт сөндірушілер өртенген ер адамның денесін анықтады", - дейді баспасөз қызметінде.

Департамент мамандарының айтуынша, қазіргі таңда көз жұмған адамның жеке басы мен тілсіз жаудың шығу себебі, келтірілген шығын көлемі анықталуда.

№ 2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінен 6 адам мен бір автоцистерна, бір автосатының көмегімен өрт сағат 23.09-да сөндірілген. Аталмыш фактіге қатысты шешім полиция басқармасына тапсырылған.

Сондай-ақ, Ақсу қаласының Евгеньевка ауылында № 10 өрт сөндіру бөлімінен 19 шақырым қашықтықта жеке тұрған екі қабатты "Достық" мәдени-сауық орталығының екінші қабатында киножоба үй-жайында өрт шыққан. Салдарынан 40 шаршы метр аумақта газтұтқыш пен мата материалдары қызыл жалынның астында қалған.

№ 10 өрт сөндіру бөлімінен бес адам мен бір автоцистерна, № 12 өрт сөндіру бекетінен 2 адам мен бір автоцистерна өртті екі сағаттың ішінде толығымен сөндірді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети