Екібастұзда пәтер тонамақ болған режиссер ұсталды

29 Тамыз, 10:19
0
Екібастұзда пәтер тонамақ болған режиссер ұсталды - © 112.ua
© 112.ua

Кеншілер қаласында ұрланып кірген 32 жастағы тұрғынды пәтер иесі ұстап алған, - деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Бұл туралы облыстық полиция департаменітінің баспасөз қызметінің өкілдері мәлімдеді.

"Жаздың күні таңғы уақытта кеншілер қаласының 58 жастағы тұрғыны жұмысына аттанып, пәтерді кілтпен жапқан. Бір сағаттан кейін оралғанда, әйел адам құлыпты аша алмаған. Өйткені ол ішінен жабылып қалған. Төменгі құлып ұңғымасына қарап, ол пәтерде біреу жүргенін көреді. Пәтер иесі белгісіз адамның шыға алмауы үшін жоғарғы құлыпты кілтпен жабады. Содан кейін полицияны шақырған", - дейді ПД өкілдері. 

Келген полиция қызметкерлері есікті ашып, бұрын сотталған, қала тұрғыны болған "режиссерді" ұстады. Пәтер иесі үйін қарап шығып, бірқатар заттар мен есіктің үш кілттер жинағы жоқ екенін анықтады. Шығын - 11300 теңге. Ұсталған адамның айтуынша, ол өзінің танысын іздеген.

Осы дерекке қатысты ҚР ҚК 188-бабымен сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Күдікті Екібастұз қаласы ПБ уақытша ұстау изоляторына қамалды.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай