01 маусым 2015 19:02

Екібастұздағы "Қазпошта" АҚ бөлімшесін тонады деген күдікпен үш адам ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© РИА Новости © РИА Новости

Павлодарда "Қазпошта" АҚ бөлімшесінен ұрланған 60 миллион теңгеге қатысты қылмыс ашылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бұған дейін істі болған үш адам күдікті ретінде ұсталды.


Павлодарда "Қазпошта" АҚ бөлімшесінен ұрланған 60 миллион теңгеге қатысты қылмыс ашылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бұған дейін істі болған үш адам күдікті ретінде ұсталды.

Полицияның мәліметінше, күдіктілерді ұстау кезінде 30 миллион теңге тәркіленді. Ақшаның жартысы күдіктілердің бірінің туысының үйіндегі гаражға көмілген жерінен табылды. Сонымен қатар, ұсталғандардың көлігінен аңшы мылтығы табылды. "Жедел-іздестіру шарасы кезінде Екібастұздағы пошта байланысы орталығына қарақшылық шабуыл жасады деген күдіктілер анықталып, ұсталды. Олар облыс орталығының үш тұрғыны болып шықты, жастары 27-34 аралығында", - деп хабарлады ведомстводағылар. ІІД мәліметінше, олар өз кінәларын мойындады. "Күдіктілер жасаған қылмыстарын мойындап, түсінік берді. Бұл дерекке қатысты "Тонау" бабымен сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Қазіргі таңда күдіктілер Павлодардың уақытша ұстау изоляторында", - деді өңірлік ІІД баспасөз қызметіндегілер.

Еске сала кетейік, Екібастұздағы "Қазпошта" АҚ бөлімшесінен белгісіз біреулердің 50 миллион теңге ақшаны ұрлап кеткені хабарланған болатын. Оқиға 6 мамырға қараған түні болған. Терезені сындырып кірген қаскүнемдер ғимараттың екінші қабатына түсіп, күзетшіні байлап, арнайы байланыс бөлмесінен 59 900 000 теңгені алып кеткен. Бөлімшеден ұрланған ірі сомадағы қаржының әлеуметтік төлемдерге арналғаны белгілі болды. "Қазпошта" АҚ бас кеңсесіндегілер Екібастұз бөлімшесіндегі жағдайдың жұмысқа еш әсер етпегенін хабарлады. Кейін полиция "Қазпошта" АҚ Екібастұздағы бөлімшесін тонағандар бес қалтаға салынған ақшаны қару-жарақсыз алып кеткенін мәлімдеді. Тоналған Қазпошта бөлімшесі қалалық полиция басқармасы және әкімдікпен бір көшеде орналасқан.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети