04 қараша 2015 10:07

Экономикалық қылмыстар үшін іздеуде болған қазақстандық БАӘ-ден экстрадицияланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тengrinews.kz © Тengrinews.kz

Экономикалық қызмет саласында қылмыстар жасағаны үшін іздеуде болған ҚР 25 жастағы азаматы Арби Асаев Біріккен Араб Әмірліктерінен Қазақстанға экстрадицияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Экономикалық қызмет саласында қылмыстар жасағаны үшін іздеуде болған ҚР 25 жастағы азаматы Арби Асаев Біріккен Араб Әмірліктерінен Қазақстанға экстрадицияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Бүгін Сыртқы істер министрлігінің қолдауы негізінде Бас прокуратураның және Ішкі істер министрлігінің Интерпол қызметкерлерімен экономикалық қызмет саласында қылмыстар жасағаны үшін Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің іздеудеуінде болған 25 жастағы Қазақстан азаматы Арби Асаев Біріккен Араб Әмірліктерінен экстрадицияланды", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, Асаев Астана қаласының тергеу изоляторына қамауға алынды. Еске сала кетейік, бұған дейін халықаралық іздеу жарияланған қазақстандық Украинада ұсталып, Қазақстанға экстрадицияланды. Іс материалынан белгілі болғандай, 1979 жылы туылған Мұса Інәркиевке қарақшылық шабуыл жасағаны үшін Жамбыл облысы ІІД іздеу жариялаған. 2014 жылдың қыркүйегінде топ болып Жамбыл облысы Қонаев ауылында оқ ататын және суық қарумен қарақшылық шабуыл жасап, ақша, күміс және алтын бұйымдар мен басқа да материалдық құндылықтарды алып кеткен. Жәбірленушіге 3 миллион теңге көлемінде шығын келтірілді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети