Өткен тәулік ішінде қазақстандық шекарашылар қомақты қаржыны жарияламай шекара аспақ болған екі азаматты ұстады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Өткен тәулік ішінде қазақстандық шекарашылар қомақты қаржыны жарияламай шекара аспақ болған екі азаматты ұстады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Алматы" бақылау-өткізу бекетінің (Алматы әуежайы) шекара наряды қомақты қаржыны заңсыз алып бара жатқан 34 жастағы азаматты ұстады. Ол "Алматы - Үрімші" бағытында ұшатын CZ-6012 рейсі бойынша сапар ұшып кетпек болған. Оның жарияламаған қаржысының көлемі 10 000 АҚШ доллары мен 2 500 қытай юаны болып шықты. Ұстау материалдары "Жетісу" кеден бекетінің қызметкерлеріне берілді.
Осы күні Қазақстан - Қытай шекарасында орналасқан "Қорғас" бақылау - өткізу бекетінің шекара наряды Қытайға жаяу-жалпылап кетіп бара жатқан 33 жастағы Қазақстан азаматын ұстауға мәжбүр болды. Шекаралық бақылау кезінде шекарашылар оның қолжүгінен жасырылған 10 000 АҚШ долларын, 90 000 теңгені және 5000 юаньды анықтады. Материалдар "Алтынкөл" кеден бекетіне тапсырылды.