31 наурыз 2017 17:43

Елімізге БАӘ-ден миллиард теңгенің ұялы телефондары заңсыз кіргізілген

ПОДЕЛИТЬСЯ

© kgd.gov.kz © kgd.gov.kz

Экономикалық тергеулер қызметі құны шамамен 1 миллиард тенге болатын ұялы телефондарды заңсыз әкелу схемасын анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшсі ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Экономикалық тергеулер қызметі құны шамамен 1 миллиард тенге болатын ұялы телефондарды заңсыз әкелу схемасын анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшсі ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Биыл мемлекеттік органдарға жалған құжаттар ұсыну арқылы, ұялы телефондарды Қазақстан Республикасына БАӘ-ден импорттап отырған экономикалық контрабанда әшкереленген болатын. Қазақстан Республикасы территориясына заңсыз кіргізілген ұялы телефондардың жалпы құны 1 миллиард теңге шамасында (сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде)", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, 2016 жылдың 12 айы ішінде кедендік шекара арқылы ұялы телефондандардың заңсыз әкеліну фактілері бойынша, мемлекеттік кірістер органдары 75 әкімшілік іс және 4 сотқа дейінгі тергеу, 147,5 миллион тенге сомасынан аса 8143 жарияланбаған ұялы телефон анықтаған.

Негізінен, ұялы телефондардың заңсыз әкелінуі, баспасөз өкілдерінің мәліметінше, ҚХР-нан шағын партияларымен жүзеге асырылады, бұл қылмыстық іс құрамы болып есептелмейді (Тауарлардың құны 5 мың АЕК - 11 345 000 тенге болатын жағдайда, ҚР ҚК 234-бабы).

2016 жылы Экономикалық тергеулер қызметімен жедел-іздестіру шараларын жүргізу нәтижелері бойынша, ҚХР-нан "Қорғас - Шығыс қақпасы" ХШЫО арқылы ұялы телефондарды заңсыз әкелу схемасы анықталғанын атап өткен жөн. Шамамен 20 миллион теңге соманың ұялы телефондары тәркіленген.

Бұл схема бойынша ұялы телефондар Қазақстан Республикасы территориясына шағын партиялармен жалдамалы жеке тұлғалар арқылы кіргізіліп, сонан соң шекара аймағындағы қоймаларға жинастырылып, кедендік баждар және басқа да салық түрлерін төлемей Алматы қаласының базарлары және дүкендеріне жеткізу қарастырылған болатын.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети