18 шілде 2016 18:10

Елордадағы Rixos қонақүйінде атыс болып, екі адам жарақат алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© booking.com © booking.com

Елордадағы Rixos қонақүйінде атыс болып, екі адам жарақат алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Оқиға бүгін елордалық бес жұлдызды қонақүйлердің бірінде болды.


Елордадағы Rixos қонақүйінде атыс болып, екі адам жарақат алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Оқиға бүгін елордалық бес жұлдызды қонақүйлердің бірінде болды.

17 шілде сағат 08.00 шамасында Rixos қонақүйінің ғимаратында орналасқан бардың ішінде бұзақылық әрекет жасағандарға қатысты ҚР ҚК-нің 293-бабы 3 тармағы - "Бұзақылық, трамвматикалық қаруды қолдану" және ҚР ҚК 287-бабы 2-бөлігі "Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру" бойынша іс қозғалған.

Сотқа дейінгі тергеу жұмыстарының нәтижесінде жанжал барға келген қонақтардың арасында шыққан. Қақтығыс салдарынан екі адам Астана қаласының медициналық мекемесіне жеткізілген.

Сотқа дейінгі тергеу барысында оқиғаға қатысқан 25 және 29 жастағы азаматтар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстық іс бойынша керекті сараптамалар жүргізілуде. Сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жалғасуда.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети