02 қыркүйек 2016 14:33

Ерасыл Әубәкіровтің жақын досы cот жайлы: Оларды әділ жазалауын қалаймын

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Ерасыл Әубәкіровтің жақын досы алқа билер соты әділ шешім қабылдайтынына сенеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ерасыл Әубәкіровтің жақын досы алқа билер соты әділ шешім қабылдайтынына сенеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бүгін Астанадағы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотта студенттің өліміне қатысты алқа билер соты іріктелді. Куәгерлердің ішінде сотқа шақырылған Ерасыл Әубәкіровтің жақын досы әрі көршісі Қайрат та болды. Айта кетейік, Ерасылдың досы Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында өзінің аты-жөнін көрсетпеуді сұрады.  

Қайраттың айтуынша, ол Ерасылдың өліміне кінәлі адамдардың барлығы әділ жазаланады деп сенеді.

"Әрине, оларды әділ жазалауын қалаймын. Алқа билер соты жайлы айтатын болсам, сот процестері мен үшін түсініксіз өтіп жатыр. Сотқа шақырды, бірақ онда кіргізбеді. Сот отырысына Ерасылдың әкесін кіргізгені жақсы болды. Мұнда бір гәп бар сияқты (...). Сотқа Аяннан бастап осы қылмысқа қатысы бар барлық адам келуі қажет (...).  Мен оларды өлтіруді қалар едім. Кем дегенде оларды қоғамнан шеттету керек. Бұдан басқа біздің қолымыздан ештеңе келмейді", - деді Ерасылдың досы Қайрат.

Айта кетейік, Ерасыл Әубәкіровтің өлімі бойынша басты сот отырысы 7 қыркүйекке белгіленді.

Еске салайық, биыл 10 ақпанда Астанада медициналық университеттің жоғалып кеткен студенті Ерасыл Әубәкіровтің денесі табылған еді. Мәйітте зорлық белгілері болды. Адам өлтірді деген күдікпен төрт адам ұсталды - Аян Мейірбаев, Андрей Тихоненко, Виталий Шерстенев және Нұрбек Әжімбай.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети