12 ақпан 2016 19:56

Ерасыл Әубәкіровтің өлімі бойынша ұсталғандардың бірінің адвокаты жаңа мәліметтер айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Instagram © Instagram

Ерасыл Әубәкіровтің өліміне қатысты жаңа деректер пайда болды. Ұсталғандардың бірі Нұрбек Әжімбайдың адвокаты Ғабиден Бөкенов Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында жаңа мәліметтер айтты.


Ерасыл Әубәкіровтің өліміне қатысты жаңа деректер пайда болды. Ұсталғандардың бірі Нұрбек Әжімбайдың адвокаты Ғабиден Бөкенов Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында жаңа мәліметтер айтты.

Адвокаттың мәліметінше, осы іс бойынша ұсталған қалған екі адамның есімдері - Аян және Виталий. Ол полицияның коттедже болған Андрей есімді тағы бір адамды іздеп жатқанын айтты. "Аян, менің қорғауымдағы Нұрбек, Виталий коттеджде болған. Сонымен қатар, Андрей есімді тағы бір жігіт қазір іздестіріліп жатыр", - деді Бөкенов.

Ғабиден Бөкеновтың айтуынша, қорғауындағы адам коттеджден қашып кеткеннен кейін оған қалғандары қоңырау шалып, студенттің өлтірілгенін хабарлаған. "Қорқып кеткен ол полицияға хабар берді", - деді қорғаушы.

Заңгер Джохар Өтебеков оқиғаны видеоға түсірген адамға қандай жаза кесілуі мүмкін екенін айтты. Айта кетейік, видеоны телеарналардың бірі жариялаған еді.

"Болып жатқан қылмысты видеоға түсіруге шектеу қойылмаған. (...) Мұндай әрекетке қылмыстық жауапкершілік жоқ. Дегенмен, ол қылмысты видеоға түсіріп, бірақ құқық қорғау органдарына хабар бермесе, жауапқа тартылуы мүмкін. Бұлай болған жағдайда ол алты жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін", - деді заңгер.

Еске салайық, 23 жастағы студент Ерасыл Әубәкіровтің денесі 10 ақпанда сағат 22.00 шамасында жедел іздеу шаралары барысында табылған еді. Кейін осы қылмысқа қатысы бар деген күдікпен үш адам ұсталды. Олардың бірі бүгін қамауға алынды.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети