Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.08
EUR / KZT - 391.50
CNY / KZT - 50.00
RUB / KZT - 5.64

Ерасыл Әубәкіровтің өліміне қатысты күдіктілердің бірінің есімі белгілі болды

12 Ақпан 2016, 11:40
0
© Instagram
© Instagram

Астана прокуратурасы 23 жастағы студент Ерасыл Әубәкіровтің өліміне қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Прокуратура студентті өлтірді деген күдікпен ұсталғандардың өздерінде қызмет етпейтінін хабарлады.

"Кейбір ақпарат құралдары Астанада студент Ерасыл Әубәкіровтің денесінің табылғаны туралы ақпарат таратты. Сонымен қатар, күдіктілердің бірінің прокуратураның бұрынғы қызметкері екені хабарланды. Осыған байланысты қалалық прокуратура ұсталған 1994 жылғы Нұрбек Әжімбайдың 2015 жылдың 29 шілдесінен 31 желтоқсанына дейін халықты жұмыспен қамту бағдарламасы бойынша Сарыарқа аудандық прокуратурасында техникалық жұмыстар (құжаттарды тігу) жасағанын мәлімдейді. Жалақыны жұмыспен қамту орталығы төледі", - делінген прокуратура хабарламасында.

Еске салайық, Астанада Медицина Университетінің алтыншы курс студенті, 23 жастағы Ерасыл Әубәкіров 3 ақпанда жоғалып кеткен болатын. Жас жігіттің жоғалып кеткені туралы ақпаратты әлеуметтік желілерге досы Диас жариялаған еді. Студент 10 ақпанда өлі күйінде табылды. Кейін осы қылмысқа қатысы бар деген күдікпен үш адам ұсталып, қаладағы ІІД уақытша ұстау изоляторына қамалды.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай