12 ақпан 2016 16:15

Ерасыл Әубәкіровтің өліміне қатысы бар делінген күдікті қамауға алынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Facebook.com © Facebook.com

Ерасыл Әубәкіровтің өліміне қатысы бар делінген күдікті қамауға алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Ерасыл Әубәкіровтің өліміне қатысы бар делінген күдікті қамауға алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Астана қаласы № 2 Алматы аудандық соты А. Мейірбаевқа қатысты екі ай мерзімде қамауда ұстау туралы шешім шығарды.

"А. Мейірбаев ҚР Қылмыстық Кодексінің 99-бабы 2-бөлімі 7-тармағында көрсетілген "Алдын ала сөз байласу арқылы ұйымдасқан топпен адам өлтіру" бойынша күдікті ретінде танылды", - делінген хабарламада.

Еске салайық, Астанада Медицина Университетінің алтыншы курс студенті, 23 жастағы Ерасыл Әубәкіров 3 ақпанда жоғалып кеткен болатын. Жас жігіттің жоғалып кеткені туралы ақпаратты әлеуметтік желілерге досы Диас жариялаған еді. Студент 10 ақпанда өлі күйінде табылды. Кейін осы қылмысқа қатысы бар деген күдікпен үш адам ұсталып, қаладағы ІІД уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети