19 мамыр 2014 12:17

"Ертіс" ФК басшыларының өміріне қастандық келтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Халімжан Ержанов. ©fc-irtysh.kz Халімжан Ержанов. ©fc-irtysh.kz

"Ертіс" футбол клубы басшыларының өміріне қастандық келтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Tengrinews.kz Павлодар облысының ІІД-не сілетеме жасап. Айта кетейік, 18 мамыр күні Павлодарда "Ертіс" командасының бас директоры Халімжан Ержанов пен клубтың спорттық директоры Болат Ысқақовты белгісіз біреулер соққыға жығып кеткен болатын. 


"Ертіс" футбол клубы басшыларының өміріне қастандық келтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Tengrinews.kz Павлодар облысының ІІД-не сілетеме жасап. Айта кетейік, 18 мамыр күні Павлодарда "Ертіс" командасының бас директоры Халімжан Ержанов пен клубтың спорттық директоры Болат Ысқақовты белгісіз біреулер соққыға жығып кеткен болатын. 

Полиция қызметкерлерінің мәліметі бойынша, қылмыстық іс "Бұзақылық" бабы бойынша қозғалған. "Барлық қажетті сараптамалар тағайындалды. Бұл іске қатысы бар қылмыскерлерді анықтау үшін жедел іздестіру шаралары өткізіліп жатыр", - дейді Павлодар облысының ІІД. 

"Ертіс" клубының бас хатшысы Мұхит Омаровтың айтуынша, Халімжан Ержанов пен Болат Ысқақовтың өміріне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ. "Клубтың спорттық директоры Болат Ысқақовқа операция жасалды. Ол қазір емханада жатыр. Ал, Ержанов емханадан тыс емделіп жатыр. Екеуінің де жағдайы тұрақты. Қылмыстық іске келетін болсақ, бұл іспен ІІД айналысып жатыр. Қазірше ешқандай нұсқалар жоқ", - дейді Омаров. Бұл іске байланысты баспасөз жиыны 14.00-де өтеді. 

Еске салайық, бұл оқиға Қазақстан бірінішілігінің 12 туры аясында 5:0 есебімен аяқталған "Ертіс" - "Спартак" кездесуінен кейін болған. Бетперде киген белгісіз екі адам клуб басшыларын Ержановтың жалдамалы пәтерінің алдында күтіп тұрған. Олар лифттен шыққан сәтте қаскөйлер бас салып, екеуін темір затпен соққының астына алған. Нәтижесінде Ысқақов басынан ауыр жарақат алып, жансақтау бөліміне жеткізілсе, клубтың бас директоры басынан ашық жарақат алып, емханаға барудан бас тартқан.

Айта кетейік, футбол жанкүйерлеріне Ержанов "Тобыл" командасына жетекшілік етіп жүргенде кеңінен танылған. Бірақ, маман 2011 жылы бұл клубтан кетіп, 2014 жылдың басында "Ертіс" командасының басшысы болып тағайындалды. Ал, клубтың спорттық директоры Болат Ысқақов болса "Ертіс" командасында бірнеше жыл бойы қызмет атқарып келеді.

 

 

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.57   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети