Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Есік қаласының маңында зорланған 56 жастағы әйел ауруханадан шығарылды

29 Қыркүйек 2016, 11:26
0
© Tengrinews.kz
© Tengrinews.kz

Алматы облысында зорланған 56 жастағы әйел ауруханадан шығарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Алматы облысының Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіндегілер хабарлады.

"Науқас бүгін ауруханадан шығарылды. Ол учаскелік дәрігерлердің бақылауымен амбулаторлық ем алатын болады. Әйелдің миы шайқалған. Жағдайы жақсарды - өзі жүріп-тұра алады. Оны Алматыдағы Көз аурулары институтына жіберді. Оған ота жасалу керек. Науқасқа бас ми шайқалуы, екі жақты параорбиталдық ісік, үшінші деңгейлі көз соғылуы деген диагноз қойылды. Денесінде және бетінде көптеген жарақат болды", - деді Денсаулық сақтау басқармасындағылар.

Сонымен қатар, зардап шеккен Майра Садықованың туыстарының айтуынша, оның жағдайы әлі де ауыр. "Денсаулық сақтау министрлігіндегілер көзіне ота жасату үшін квота бөлді. Бірақ әзірше ота жасату мүмкін емес, себебі оның денесіндегі ісіктер әлі қайтпады. Бас ауруы жиі байқалады. Дәрігерлердің айтуынша, әлі 3-4 ай осылай болады. Алған жарақаттары өте ауыр. Оны мұндай жағдайда ауруханадан шығару әлі ерте деп қауіптенемін. Сонымен қатар, мен әйелдің медициналық тексерістен толықтай өтпеуі мүмкін екенінен қауіптенемін. Тегін кеңес бере алатын нейрохирургтың көмегі қажет", - деп жазды олар Facebook желісіндегі сексуалды зорлыққа қарсы ұлттық қозғалыстың парақшасында.

Еске салайық, осыған дейін Есік қаласының маңында 56 жастағы әйел соққыға жығылып, зорланғаны хабарланған еді. Қылмыс туралы мәлімет Facebook желісіндегі "#НеМолчиKZ сексуалды зорлық-зомбылыққа қарсы ұлттық қозғалысында" жарияланған. Қауымдастыққа 1990 жылғы жігіт хабарласып, өздерінің үйінде біреулер анасын ұрып-соғып, зорлағанын хабарлаған. Оқиға Алматы облысында Еңбекшіқазақ ауданында Бәйтерек ауылында болған. "56 жастағы сексуалды зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйел Есік қаласының ауруханасында жатыр, оның жағдайы ауыр, соққыдан әйел ауыр жарақаттар алған. (...) Әйелге жедел түрде көзіне ота жасау керек, сондай-ақ нейрохирургтың кеңесі мен емдеуі қажет", - делінген хабарламада.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай