Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

"Эйр Астана" жолсеріктері есірткімен ұсталған пилот жөнінде айтып берді

25 Сәуір 2016, 17:40
0
© Tengrinews.kz
© Tengrinews.kz

"Эйр Астана" жолсеріктері 2016 жылдың 2 наурызындағы "Мәскеу - Алматы" рейсінің қалай орындалғанын айтып берді. Айта кетейік, сол күні осы рейстің пилоты Роман Быков есірткімен ұсталған болатын. Олар Түрксіб аудандық сотында түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бизнес-класстың жолсерігі Әйгерім Рысқалиеваның айтуынша, Роман Быков ұшу кезінде өзін өте жақсы ұстаған. Ол пилоттың әрекетінен еш олқылық көрмегенін жеткізді. "Мен тек жақсы пікір айта аламын. Ол туралы жағымсыз әңгіме ешқашан естіген емеспін", - деді әуе компаниясының қызметкері.

Куәгер Сәбина Күзенбаева да рейстің қалыпты түрде өткенін айтты. "Артық ештеңе байқаған жоқпын. Ұшу кезінде Роман Быковты мүлде көрмедім, себебі мен асханада жұмыс істедім", - деді эконом-класстың жолсерігі.

Сонымен қатар, сот отырысы кезінде пилотты ұшу алдында тексерген фельдшердің пікірі тыңдалды. "Ұшу алдында медициналық бақылаудан өтті. Бақылау кезінде оның сыртқы келбеті, дене температурасы, қан қысымы мен ішімдік ішпегендігі тексеріледі. Ол бақылаудан сәтті өтті, ұшуға рұқсат берілді", - деді фельдшер Шадияр Нұрлыбаев. Дәрігер Роман Быковтың есірткіге мас болғанын байқамағанын жеткізді.

Еске сала кетейік, наурыз айының басында "Эйр Астана" пилоты Роман Быков Алматы әуежайында есірткімен ұсталған болатын. Сараптама нәтижесіне сүйенсек, оның қанынан каннабиноид іздері анықталды. Кейін ол әуе компаниясынан жұмыстан шығарылды. Быков болса әрекетіне өкінетінін айтты.

Іс материалдарына сүйенсек, Роман Быковтан 1,55 грамм марихуана тәркіленген. Оған ҚР Қылмыстық Кодексінің 286-бабы 1-бөлігі ("Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы арқылы есірткі заттарын заңсыз алып өту") және ҚР Қылмыстық Кодексінің 296-бабы 2-бөлігі ("Есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді, прекурсорларды өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау"), ҚР Қылмыстық Кодексінің 258-бабы ("Әуе кемесін есірткіге мас күйе басқару") бойынша айып тағылды.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай