29 сәуір 2016 17:18

"Эйр Астананың" есірткімен ұсталған экс-пилотына қатысты сот үкімі шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Роман Быков. © Tengrinews.kz Роман Быков. © Tengrinews.kz

Түрксіб аудандық сотында "Эйр Астананың" экс-пилоты Роман Быковқа жаза кесілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі сот залынан.


Түрксіб аудандық сотында "Эйр Астананың" экс-пилоты Роман Быковқа жаза кесілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі сот залынан.

Сот шешіміне сәйкес, ол тағылған барлық айып бойынша кінәлі деп танылып, 2,5 жылға бас бостандығынан айырылды. Экс-пилот жазасын жалпы режимдегі колонияда өтейді. Сонымен қатар, сот сотталушыға 300 АЕК көлемінде айыппұл салып, екі жылға дейін ұшақ басқаруға тыйым салды. Роман Быков сот залында қамауға алынды.

Еске сала кетейік, наурыз айының басында "Эйр Астана" пилоты Роман Быков Алматы әуежайында есірткімен ұсталған болатын. Сараптама нәтижесіне сүйенсек, оның қанынан каннабиноид іздері анықталды. Кейін ол әуе компаниясынан жұмыстан шығарылды. Быков болса әрекетіне өкінетінін айтты.

Іс материалдарына сүйенсек, Роман Быковтан 1,55 грамм марихуана тәркіленген. Оған ҚР Қылмыстық Кодексінің 286-бабы 1-бөлігі ("Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы арқылы есірткі заттарын заңсыз алып өту") және ҚР Қылмыстық Кодексінің 296-бабы 2-бөлігі ("Есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді, прекурсорларды өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау"), ҚР Қылмыстық Кодексінің 258-бабы ("Әуе кемесін есірткіге мас күйе басқару") бойынша айып тағылды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.85   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети