Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Генералдың қызының қатысы бар жол апаты туралы іс сотқа жетпей қалды

13 Қаңтар 2015, 17:16
0
©Vesti.kz
©Vesti.kz

Қаржы полициясы генералының қызы Меруерт Шабақбаеваның қатысуымен болған жол-көлік оқиғасына қатысты қозғалған қылмыстық іс сотқа дейін жетпеді, - деп хабарлайды "Новый вестник". Бұл туралы қаза тапқан ер адамның жесірі мәлімдеді. Оның айтуынша, негізгі себеп жол апатын жасаған адамның өлімі болып отыр.

Айта кетейік, тергеу мәліметінше, Қарағандыда жол-көлік оқиғасы кезінде қарағандылық Евгений Токмаков пен Астана қаласының тұрғыны Диас Тәжіғалиев қаза тапты. Оқиға 8 мамырда болды. Токмаков "Нива" қызметтік көлігімен 15-магистраль ауданында келе жатады. Оған қарсы бағытта Тәжіғалиев Subaru көлігімен қозғалып келе жатқан. Екі көліктің соқтығысып, екеуі де қаза тапты. "Тергеуші жеке маған кінәлінің қайтыс болуы себепті істің жабылғанын айтты. Қолыма іс материалын беруін күтіп жүрмін. Тергеуде Шабақбаеваға деген ешбір шағым жоқ", - деді әйел. Еске сала кетейік, осыған дейін Қарағанды облысы ІІД Тергеу басқармасының басшысы Қанат Ысқақов генералдың қызының рульде болмағанын мәлімдеген еді. Оның айтуынша, екі куәгердің жауабы соны көрсетіп отыр. Мұнымен қатар, бұл дерек Жедел басқару орталығы түсірген видеомен дәлелденді.

Бірақ қаза тапқан Токмаковтың туыстарының басқа уәжі бар. Олар генералдың қызы Subaru автокөлігінде жолаушы емес, жүргізуші болғанын айтып отыр. Туыстары өз сөздерін автокөліктің сыртқы көрінісінен-ақ растай алатынын айтқан. Көліктің жүргізуші отыратын жағы аса қатты бүлінбеген. Ал жолаушы отыратын, яғни генералдың қызы отырды делінген бөлігі әбден майысқан. Айта кетейік, қаза тапқан азаматтың туыстары осыған дейін генералдың қызының рульге ие бола алмай қалып, жол талғамайтын көлікпен соғысқанын мәлімдеген еді.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай