29 маусым 2018 17:32

Гүлжан Ерғалиева Олжас Сүлейменовтің немересі жайлы жазбасы үшін жауапқа тартылуы мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

Facebook желісінде Олжас Сүлейменовтің немересі қаза тапқан жол-көлік оқиғасы туралы жазбасы үшін Гүлжан Ерғалиеваға қатысты соталды тергеу басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Facebook желісінде Олжас Сүлейменовтің немересі қаза тапқан жол-көлік оқиғасы туралы жазбасы үшін Гүлжан Ерғалиеваға қатысты соталды тергеу басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

ІІМ өкілдірің айтуынша, автор Гүлжан Ерғалиеваның Facebook желісіндегі "Дочь мента убила внука поэта" тақырыбында жазған мәліметі шындыққа жанаспайды, себебі жол-көлік оқиғасын жасаған Мұхитова оқиға орнынан қашып кеткен жоқ және тергеу шаралары аяқталғанша сол орында болған. Бұған видеобақылау камерасына жазылған видео мен істің басқа да материалдарымен дәлелденіп отыр. Сондай-ақ, медициналық куәландыру нәтижесінде оның қанынан алкоголь табылмаған.

"Жол-көлік оқиғасы видеобақылау камерасына тіркелді, барлық тергеу шарасы қылмыстық-процестік заңнамаға сәйкес жүргізілді, іс бойынша қажетті сот сараптамалары тағайындалды, оның нәтижесі бойынша процестік шешім қабылданады. Осыған байланысты Астана қалалық ІІД-нің Тергеу басқармасы Гүлжан Ерғалиеваға қатысты жалған мәлімет таратқаны үшін соталды тергеу бастады", - делінген ІІД хабарламасында.

"Нақтырақ айтқанда, ҚР Қылмыстық кодексінің 274-бабында жалған мәлімет тарату 10 жылға дейін бас бостандығынан айыруға дейін қылмыстық жауапқа тартуға дейін әкеп соқтыратыны айтылған. ҚР ІІМ азаматтарды жалған мәлімет таратпауға, қоғамдық тәртіпті бұзбауға шақырады және мұның қылмыстық жауапкершілікке әкелетінін ескертеді", - деді министрлік өкілдері.

Айта кетейік, мұның алдында ІІД өкілдері қыздың есімін жариялаған - Малика Мұхитова, ол 1989 жылғы.

Еске салайық, Олжас Сүлейменовтің немересі Ескендірдің қаза тапқан жол апаты Астанада 22 маусымда Мәңгілік ел мен Керей, Жәнібек хандар даңғылдарының қиылысында болған еді. Кейін полиция тергеу жұмыстары жайлы айтып берген.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети