Игорь Нанаевтың өлімі туралы істі ІІМ мен Бас прокуратура басшылары бақылауға алды

16 Қазан 2016, 23:43
0
Игорь Нанаевтың өлімі туралы істі ІІМ мен Бас прокуратура басшылары бақылауға алды -

23 жастағы петропавлдық баскетболшы Игорь Нанаевтың өлімі туралы істі ІІМ мен Бас прокуратура басшылары бақылауға алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы Нанаев Игорьдың қазасына байланысты туған-туысқандарының қайғы-қасіретіне ортақтасады. Жақын күндері ІІД және облыс прокуратура өкілдерімен қоғамды толғандыратын сұрактарға қатысты пресс-конференция өткізіледі. Бұл іс еліміздің Ішкі істер министрі мен Бас прокурордың бақылауына алынды", - делінген Бас прокуратураның хабарламасында.

Еске салайық, 23 жастағы баскетболшыны белгісіз біреулер ұрып-соғып кеткен болатын. Салдарынан спортшы жігіт қаза тапқан.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай