Имамдар мешітте әмиян ұрлаған адамды видеоға түсіріп алды

13 Желтоқсан 2016, 16:35
0
Имамдар мешітте әмиян ұрлаған адамды видеоға түсіріп алды - Видеоның кадрлары
Видеоның кадрлары

Мешітте әмиян ұрлаған адам видеоға түсіп қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ер адам намаз оқуға келгендерді тонап кетіп жүрген. Осыдан кейін мешіт қызметкерлері оны қылмыс үстінде ұстап алған. 

Кадрларда мешіт қызметкерлері ер адамнан ақшаны қайда жасырғанын көрсетуді сұрайды. Ол кілемнің астынан ұялы телефонды шығарады. Ақша жайлы сұралғанда ер адам ақшаға тиіспегенін айтқан.

Кейін күдікті арнайы бөлмеге кіргізіліп, одан жауап алынады. Сөйтіп, саусақ ізін тіркеу үшін ұялы телефонды ұстауын талап етеді. Ер адамды полицияның ұстаған-ұстамағаны әзірше белгісіз. Куәгерлердің айтуынша, оқиға Алматыдағы Жансүгіров көшесіндегі мешітте болған.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай