23 шілде 2019 15:48

Инспектор браконьерлердің шабуылынан кейін ауруханаға барар жолда қаза тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жарақат алған "Охотзоопром" инспекторларының бірі ауруханаға барар жолда қаза тапты. Бұл туралы Жарқайың аудандық аппаратының өкілдері айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Жарақат алған "Охотзоопром" инспекторларының бірі ауруханаға барар жолда қаза тапты. Бұл туралы Жарқайың аудандық аппаратының өкілдері айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Ауруханаға келгенше көз жұмды. 1976 жылы туған ер адам. Оның кеудесіне тиген оқ тесіп шыққан. Екіншісі ауруханаға жатқызылды. Оның диагнозы - сол жақ кеуде қуысының алдыңғы бөлігінің, сол жақ иық сүйегінің жоғарғы үштен бір бөлігінің оқ тиген", - деді әкімдік аппаратының өкілдері. 

Ақмола облысының Денсаулық сақтау басқармасында бір инспектордың қайтыс болғанын растады.

"Зардап шеккендердің біріне "кеуде тұсынан оқ тию" диагнозымен дәрігерлер келгенге дейін көз жұмды, жүргізілген реанимациялық іс-шаралар сәтсіз болды. Екінші инспектор кеуде тұсынан жарақат алған Державинск аудандық орталық ауруханасына жеткізілді. Келіп түскен сәтте науқастың жағдайы ауыр болды, бірақ тұрақты. Көкшетаудан құрамында хирург, анестезиолог және медбике бар санавиация бригадасы ұшып шықты", - деді басқарма мамандары. 

Еске салайық, осыған дейін "Охотзоопром" инспекторлары ақбөкендерді атқан браконьерлерді қуып, салдарынан жарақаттанды. Зардап шеккендердің бірі ауыр жағдайда жатқаны хабарланды. 

23 шілдеде шамамен 11:00-де Ақмола бекініс пунктінің "Охотзоопром ӨБ" РМҚК орталық аймақтық филиалының инспекторлары табиғат қорғау заңнамасын бұзғандарды анықтау мен бұлтартпау шараларын өткізу барысында Ақмола облысы Жарқайың ауданының аймағында ақбөкен ату дерегі тіркеген. 

Екі инспектор браконьерлердің соңынан қуып кеткен. "Нива" автокөлігінің мемлекеттік нөмірін анықтау мүмкін болмаған. Нөмірдің Қостанай облысынан екені ғана анықталды. 

"Қашу барысында "Нива" көлігінен браконьерлер оқ атқан, салдарынан екі инспектор жарақат алды. Олардың бірі қазір ес-түссіз ауыр жағдайда жатыр, ал екіншісінің жағдайы - ауырлықтың орташа деңгейінде", - дейді баспасөз қызметіндегілер. 

Қазіргі уақытта инспекторларды Державинкс қалалық ауруханасына алып бара жатыр, сол жаққа санавиация шақырылған. 

Ақмола облысы Жарқайың ауданының ішкі істер органдары күдіктілерді іздеп жатыр, ұстау жоспары құрылған. 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети