07 қараша 2016 12:49

Жалақысын алған күні жоғалған алматылық қыз үш апта бойы букмекер кеңсесінде өмір сүрген

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда осыдан бірнеше апта бұрын іс-түссіз жоғалып кеткен қыз табылды. Tengrinews.kz тілшісіне Алматы қаласының Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіндегілердің айтуынша, 18 жастағы қыз осы күнге дейін өзі жұмыс істеген букмекер кеңсесінде болған.

"Жоғалған қыз сенбі күні, 5 қарашада табылған. Осы уақытқа дейін ол сонда жұмыс істеп, сонда тұрған. Ол өзінің бұл әрекетін жеке басына қатысты себептеріне сілтеді", - деді Алматы қаласы ІІД-нің баспасөз қызметіндегілер.

Айта кетейік, қыз бала 17 қазанда із-түссіз жоғалып кеткен. Ол осыған дейін сол күндері айлығын алғаны белгілі болған. 20 қазанда оның туыстары құқық қорғау органдарына хабарласып, көмек сұраған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.57   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети