04 наурыз 2014 17:35

Жалған SMS таратқан адам Kaspi bank-ке қарыздар болып шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иллюстрация tengrinews.kz Иллюстрация tengrinews.kz

Банктердің банкроттығы туралы арандатушылық хабарлама таратқаны үшін 20 тәулікке қамауға алынған Дархан Сәбденовтің Kaspi bank-ке қарызы бар болып шықты. Бұл туралы Алматы қаласы Бостандық аудандық сотының анықтауы кезінде белгілі болды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Іс материалдары бойынша, Kaspi bank Дархан Сәбденовтың барлық жылжымалы және жылжымайтын дүние мүлкіне тыйым салу туралы өтінішпен шыққан. Сот бұл өтініш хатты қанағаттандырып, оның 2 миллион теңге болатын дүние-мүлкін тұтқынға алған. "Бұл ұйғарымды ақтару Алматы Сот актілерін орындау департаментіне жүктелсін. Бұл ұйғарым дереу орындалуы тиіс", - деп ұйғарымның мәтінінде жазылған. Kaspi bank оның қалай қарызданғанын түсіндірді. Kaspi bank-тің атқарушы директоры Сабыржан Беркінбаевтың айтуынша, банк шын мәнінде Сәбденовке банктік заемның келісім шарты бойынша борышты өндіріп алу туралы талап қойған. Өйткені ол банктен несие алған. "Жауапкер алған несиесін төлеуден тайқып, жылыстап жүрген. Төлеу мерзімін 270-тен аса күн өткізіп алған. Өзінің міндеттемелерін ұзақ уақытқа орындамағаны үшін стандартты тәртіп шеңберінде борышты өндіріп алу, ақы талап ету жүзеге асырылған",- дейді ол. ЦентрКредит банкінің 30 жастағы экс-қызметкері Дархан Сәбденовтің қауесет таратқан айыбы ашылды. Оған қатысты "Алдау және сенімді ақтамау салдарынан біреудің мүлкіне зиян келтіру" бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды және 20 күнге қамауға алынды. Өз кезегінде, зардап шеккен банктер іскерлік абыройларына нұқсан келтіргені үшін Сәбденовтен келтірілген залалды өндіріп алу ниеті бар екендіктерін хабарлады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети