14 шілде 2017 11:28

Жамбыл облысында ер адам араққұмар ұлын өлтіріп тынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© pexels.com © pexels.com

Жамбыл облысында ішкілікке салынған ұлының әрекеттеріне шыдамаған әке оны өлтіріп тынды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі облыстық прокуратура өкілдеріне сілтеме жасап хабарлайды. 


Жамбыл облысында ішкілікке салынған ұлының әрекеттеріне шыдамаған әке оны өлтіріп тынды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі облыстық прокуратура өкілдеріне сілтеме жасап хабарлайды. 

"Байзақ ауданында әкесі баласын өлтірді, арақ құмар баласы анасына қол көтеруге дейін барған. 70 жастаға таяған ер адам соты болмай жатып дүние салды", - деді Жамбыл облысының прокуроры Ернат Сыбанқұлов. 

"Өкініштісі мұндай жағдайлар болып тұрады, барлығы арақтың әсерінен. Облыстық есірткідиспансерінің есебінде 5 мынана аса адам араққа тәуелді ретінде тіркелген, яғни осыншама отбасының астан-кестеңі шығуы мүмкін деген сөз. Мен әрбір азаматтың отбасылық зорлыққа бейжәй қарамауын сұраймын, басқа біреудің отбасы болса да, біз бірігу арқылы мұндай әрекеттерді тоқтатамыз", - деді ол. 

Облыстық прокуратура мәліметінше, 2016 жылы отбасылық зорлық салдарынан 24 қылмыс жасалған, 2017 жылы осы күнге дейін 8 қылмыс тіркелген. 

30 мамырда Жамбыл облысының Сарысу ауданында мас ер адам жарына пышақ ұрған. Сонымен қатар ол енесін де жаралаған. Дер кезінде жеткен қайын атасы күйеу баласын тоқтатқан. Қазіргі уақытта ер адам қамауға алынды және сотты күтіп отыр. 

Тағы бір жадай Мойынқұм ауданында тіркелді. Мас күйде мазасын алған ер адамды әйелі өлтірген. Әйел адам сотты күтіп отыр.

"Бас прокуратураның "Отбасындағы зорлық-зомбылықсыз Қазақстан" жобасын іске асыру мақсатында тұрмыстық зорлық-зомбылық көріністерін болдырмау және оның алдын алу жұмыстарына талдау жасалып жатыр", - дейді Жамбыл облысының прокуроры. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети