Жамбыл облысында жұмыспен қамту орталығының басшысы миллион теңге жымқырған

26 Маусым, 10:25
0
Жамбыл облысында жұмыспен қамту орталығының басшысы миллион теңге жымқырған -

Жамбыл облысы Талас аудандық жұмыспен қамту орталығының басшысы коррупциялық қылмыс істегені үшін екі жыл бас бостаныдығынан айырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі өңірлік сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің департаментіне сілтеме жасап. 

"Талас аудандық әкімдіктің жұмыспен қамту орталығы" КММ директоры Е. Еркебаевқа қатысты сеніп тапсырылған 1 миллион теңгеге бағаланған тауар-материалдық мүлікті жымқыру бойынша сотқа дейінгі тергеу ісі аяқталды", - делінген ведомство хабарламасында. 

20 маусымда Талас аудандық сотының үкімімен Е. Еркебаев қауіпсіздік деңгейі төмен түзеу мекемесінде жазасын өтеумен 2 жылға бас бостандығынан айырылды. Сотталған адам өмір бойы мемлекеттік қызметте және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында қызмет атқару құқығынан айырылған.

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай