24 қаңтар 2017 17:19

Жамбыл облысында өз қызын зорлаған тұрғын 17 жылға сотталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жамбыл облысында өзінің 11 жастағы қызын зорлаған тұрғын 17 жылға бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Жамбыл облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сот материалдарына қарағанда, сотталушы қылмысты 2016 жылдың 12 қыркүйегінде мас күйде жасаған. Ол 2008 жылғы қызын зорлаған. Сотталушының 2010 және 2015 жылғы тағы екі баласы бар. Қылмыс жасаған уақытында олар үйде болмаған. Ал балалардың анасы жайлы мәлімет жоқ.

Соттың үкімімен ер адам ҚР Қылмыстық кодексінің 120-бабының 4-бөлігінде қарастырылған қылмыс жасады деп танылып, 16 жылға бас бостандығынан айыру жазасы кесілді.

Айта кетейік баспасөз қызметінің мәліметінше, сотталушы бұған дейін де сотталған. Сондықтан өтелмеген мерзімі қосылып, оған 17 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети