30 қазан 2015 23:01

Жамбыл облысында пара алып қашқан полицейлерді ұстау сәті бейнеленген видео жария болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жамбыл облысында пара алу сәтінде полиция қызметкерлері ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментіне сілтеме жасап.


Жамбыл облысында пара алу сәтінде полиция қызметкерлері ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментіне сілтеме жасап.

Жамбыл облысының антикоррупциялық қызметіне ер адам хабарласып, 40 мың теңге көлемінде ақша бопсаланғанын хабарлаған. Айтуынша, тәртіп сақшылары оны әкімшілік жауапкершілікке тартпау үшін осы сомада пара талап етіпті. 29 қазанда "Ураган" Hyundai  арнайы автоматизацияланған машинасының салонында Жамбыл облысының ішкі істер департаментінің аға сержанты мен сержанты пара алу үстіне ұсталды. Полицейлер делдалдан 30 мың теңге алыпты. 

Алайда құқық қорғау органдарының қызметкерлері берілгісі келмей, ұстау кезінде қарсылық келтіріп, оқиға орнынан арнайы көлікпен жасырынбақ болған. "Ұзаққа кетпей инспекторлар тізгінге ие бола алмай қалып, арыққа түсіп кетті. Бұдан кейін инспекторлардың бірі қиылыста тұрған бөтен адамның Mercedes автомобиліне табель қаруымен қорқыту арқылы отырып алған, сөйтіп, қылмыс болған орыннан дереу кетуді бұйырған", - деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер. 

Полицейлер ұсталды. Олардан 230 мың теңге ақша, сонымен қатар, қырғыз сомы мен ресей рублі және евро тәркіленді. Қазіргі уақытта олар уақытша ұстау изоляторында, оларға қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Жедел ақпаратқа сенсек, полицейлердің күн сайынғы заңсыз табысы 500 мың теңге болыпты.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети