29 желтоқсан 2017 10:45

Жамбыл облысында пойыз есірткі толы көлікті соғып кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

© ktk.kz © ktk.kz

Жамбыл облысында Toyota Land Cruiser көлігінің жүргізушісі іздестіріліп жатыр. Белгісіз біреу анашаға толы көлігін рельстің үстіне қалдырып кеткен. Ал тоқтап үлгермеген жүк пойызы машинаны бүйірден соғып, соның кесірінен өрт болған. Бұл туралы КТК телеарнасының сюжетінде айтылады.


Жамбыл облысында Toyota Land Cruiser көлігінің жүргізушісі іздестіріліп жатыр. Белгісіз біреу анашаға толы көлігін рельстің үстіне қалдырып кеткен. Ал тоқтап үлгермеген жүк пойызы машинаны бүйірден соғып, соның кесірінен өрт болған. Бұл туралы КТК телеарнасының сюжетінде айтылады.

Төтенше жағдай таңғы уақытта Шығанақ пен Бурылбайтал станцияларының арасында болған. Қарағанды - Шу пойызының машинисі жолда көлікті байқаған. Оның айтуынша, ол бірден тоқтамақшы болған.

Телеарнаның мәліметінше, есіртікінің 20 келісінен басқасы түгел жанып кеткен.

Машинистің айтуынша, көліктің шамы қосылған күйде рельстің үстінде тұрған. Ескерту дыбысына да темір тұлпар қозғала қоймаған. Кейін белгілі болғанындай, ішінде адам болмапты. Ал қатты соққыдан техника лапылдап жанып, отарбаның тоқтауына тура келген. Тіпті жүк пойызының бір вагоны да өртке орана жаздапты. Бірақ оқиға орнына шұғыл жеткен теміржолшылар вогонды ажыратып үлгерген. Сөйтіп тілсіз жауды ауыздықтап, тек бір сағаттан соң ғана пойыз қайта жолға шықты. Ал джиптің мұнда қалай пайда болғаны және ішіндегі есірткіні тасымақ болған кім екені белгісіз.

"Болжам бойынша машина рельстен өте бере істен шыққан. Сосын амалсыз жүргізуші оны тастап кетуге мәжбүр болған. Ал жанып кеткен тойотаның мемлекеттік нөмірі болмағандықтан, егесін де табу қиынға соғуда", - делінген телеарна сюжетінде. (Дереккөз: КТК)

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети