18 қаңтар 2016 15:43

Жамбыл облысында сәбиі жолға тасталған қыз оқитын мектептің директоры өз қалауымен қызметінен кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Жамбыл облысында көлікте босанған 16 жастағы қыз таяу уақытта ауруханадан шығарылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Тараздың перинаталдық орталығының бас дәрігерінің орынбасары Ғалима Төлепбергеноваға сілтеме жасап.


Жамбыл облысында көлікте босанған 16 жастағы қыз таяу уақытта ауруханадан шығарылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Тараздың перинаталдық орталығының бас дәрігерінің орынбасары Ғалима Төлепбергеноваға сілтеме жасап.

"Босанған қыз бізге ауыр жағдайда түсті. Ол көп қан жоғалтқан, сондықтан біз оны жансақтау бөліміне жатқыздық. Бүгінде қыз палатада жатыр. Қатерлі жағдай төніп тұрған жоқ. Қазіргі таңда онымен психологтар жұмыс істеп жатыр. Апта соңында үйіне жібереміз деп ойлап отырмыз", - деді Ғалима Төлепбергенова.

Перинаталдық орталығының бас дәрігерінің орынбасарының айтуынша, қыз мерзімінен ерте босанып қойған. Жағдайының қиын болғанына қарамастан, бала туу қабілетіне нұқсан келмеді, сондықтан қыз болашақта бала таба алады. Ауруханаға оған туыстары келіп жүр.

Сонымен қатар, босанған қыз оқитын Үшарал ауылдық мектебінің директоры өз қалауымен қызметінен кетіпті. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, психолог, медбике және сынып жетекшісіне қатысты тексеріс жүріп жатыр.  

Оқиға 13 қаңтарда таңғы уақытта болған. Әйел өзінің асырап алған жүкті қызын алып, көршісінің көлігімен Таразға жолға шығыпты. Жолда қыз толғатып, ұл баланы туып алған. Осыдан кейін Ақкөл ауылына кіреберісте оқушының өгей шешесі жаңа туған сәбиді лақтырып жіберген. Алған жарақатынан сәби оқиға орнында шетінеп кетті. Көлік жүргізушісі бұл оқиғаны көріп, таңғалғанын және бұл қылмысқа қатысының жоқтығын айтып отыр. Кейін сәбидің әкесі делінген ер адам ұсталды. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.73   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети