20 сәуір 2016 13:26

Жамбыл облысында сәбиді жолға тастаған әйелге ем қажет

ПОДЕЛИТЬСЯ

© newsler.ru © newsler.ru

Жамбыл облысында сәбиді жолға тастаған әйелге ем қажет. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Талас аудандық ішкі істер бөлімінің өкілдері хабарлады.


Жамбыл облысында сәбиді жолға тастаған әйелге ем қажет. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Талас аудандық ішкі істер бөлімінің өкілдері хабарлады.

Таяуда Бақытгүл Байсенғараева Алматы облысынан келіпті, онда ол психологиялық-психиатрлық сараптамадан өткен. Әйел тергеу изоляторына қамалды. "Психологиялық-психиатрлық сараптаманың қорытындысы бойынша, Бақытгүл Байсенғараеваға ем алу қажет. Ол бір ай бойы Алматыдағы Республикалық ғылыми-тәжірибелік психиатрия және психотерапия орталығында болды және дәрігерлер науқасқа ем қажет деп шешті", - деп түсіндірді Жамбыл облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлчехра Зияутдинова. Оның айтуынша, осы іс бойынша тергеу аяқталуға жақын. 

"Іс Қаратау қаласындағы Талас аудандық сотына жолданады. Егер сот сәйкес шешім шығарса, әйел ем қабылдауға жөнелтіледі. Толықтай сауығып кетпейінше сонда болады. Кейін қайтадан қудаланады", - деді құқық қорғау органдарының өкілдері. 

Еске салайық, қайғылы оқиға 13 қаңтарда таңғы уақытта болған. Әйел өзінің асырап алған жүкті қызын алып, көршісінің көлігімен Таразға жолға шығыпты. Жолда қыз толғатып, ұл баланы туып алған. Осыдан кейін Ақкөл ауылына кіреберісте оқушының өгей шешесі жаңа туған сәбиді лақтырып жіберген. Алған жарақатынан сәби оқиға орнында шетінеп кетті. Көлік жүргізушісі бұл оқиғаны көріп, таңғалғанын және бұл қылмысқа қатысының жоқтығын айтқан. Кейін сәбидің әкесі делінген ер адам ұсталған еді.

Осыған дейін Жамбыл облысында жолға тасталған сәбидің жанұясы кәмелетке толмай туған қыздың жігітімен татуласып, осыдан кейін оған қатысты қылмыстық іс тоқтатылған еді. Бұл өтінішті 16 жастағы қыз да, оның ата-анасы да жасапты. Айта кетейік, 17 жастағы Елдос Сайлаубекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 122-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған еді, бұл - кәмелетке толмаған адаммен жыныстық қатынасқа түсу дерегі.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети