08 сәуір 2016 14:33

Жамбыл облысында сәбиді жолға тастау ісінде фигуранттан айыптаулар алып тасталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© piter.tv © piter.tv

Жамбыл облысында сәби тасталған көліктің жүргізушісіне қатысты қылмыстық іс тоқтатылды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісінің ресми сауалына берген жауабында Жамбыл облысының прокуратурасы хабарлады.  


Жамбыл облысында сәби тасталған көліктің жүргізушісіне қатысты қылмыстық іс тоқтатылды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісінің ресми сауалына берген жауабында Жамбыл облысының прокуратурасы хабарлады.  

"2016 жылдың 27 наурызында сотқа дейінгі тергеудің барысында жүргізушіге қатысты қылмыстық іс қылмыс құрамының жоқтығына байланысты Қылмыстық Процессуалдық кодекстің 35-бабының 1-бөлігі 2-пункті бойынша тоқтатылды. Қылмыстық істі Талас аудандық прокуратурасында", - деп хабарлады процессуалдық прокурор Бекбала Ақылбеков. Бостандық - Ақкөл тасжолының жиегіне жаңа туған сәбиді лақтыру дерегі бойынша көлікті басқарған жүргізушіге қатысты "Қауiптi жағдайда қалдыру" және "Қылмыс туралы хабарламау" баптары бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған еді.

Сонымен қатар, прокуратура өкілдері босанған оқушыны асырап алған анасы - күдікті Бақытгүл Байсенгерееваның Алматыда ем алып жатқанын хабарлады.

Осыған дейін Жамбыл облысында жолға тасталған сәбидің жанұясы кәмелетке толмай туған қыздың жігітімен татуласып, осыдан кейін оған қатысты қылмыстық іс тоқтатылған еді. Бұл өтінішті 16 жастағы қыз да, оның ата-анасы да жасапты. Айта кетейік, 17 жастағы Елдос Сайлаубекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 122-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған еді, бұл - кәмелетке толмаған адаммен жыныстық қатынасқа түсу дерегі.  

Еске салайық, қайғылы оқиға 13 қаңтарда таңғы уақытта болған. Әйел өзінің асырап алған жүкті қызын алып, көршісінің көлігімен Таразға жолға шығыпты. Жолда қыз толғатып, ұл баланы туып алған. Осыдан кейін Ақкөл ауылына кіреберісте оқушының өгей шешесі жаңа туған сәбиді лақтырып жіберген. Алған жарақатынан сәби оқиға орнында шетінеп кетті. Көлік жүргізушісі бұл оқиғаны көріп, таңғалғанын және бұл қылмысқа қатысының жоқтығын айтқан. Кейін сәбидің әкесі делінген ер адам ұсталған еді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети