27 мамыр 2016 18:03

Жамбыл облысында сәбиді көліктен лақтырып жіберген әйелге жаза кесілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Ptzgovorit.ru © Ptzgovorit.ru

Жамбыл облысында нәрестені көліктен лақтырып жіберген 54 жастағы әйелге қатысты сот ісі аяқталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Жамбыл облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына сілтеме жасап.


Жамбыл облысында нәрестені көліктен лақтырып жіберген 54 жастағы әйелге қатысты сот ісі аяқталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Жамбыл облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына сілтеме жасап.

"Сотталушының психикалық күйіне байланысты сот ісі тоқтатылды. Психологиялық-психикалық сараптама нәтижесіне сәйкес, Байсенгереева қылмыстық іске барған кезде ес-түсін білместей күйде болған. Сот қаулысымен ол арнайы медициналық мекемеге ем алуға жіберілді", - деді судья Ғалымжан Нұрлықұлов.

Сонымен қатар, соттағылар әйелдің ауруханада қанша уақыт болатынын дәрігерлердің шешетінін айтты. 54 жастағы әйел толықтай емделіп шықса, ол бостандыққа жіберіледі.

Еске салайық, оқиға 13 қаңтарда таңғы уақытта болған. Әйел өзінің асырап алған жүкті қызын алып, көршісінің көлігімен Таразға жолға шығыпты. Жолда қыз толғатып, ұл баланы туып алған. Осыдан кейін Ақкөл ауылына кіреберісте оқушының өгей шешесі жаңа туған сәбиді лақтырып жіберген. Алған жарақатынан сәби оқиға орнында шетінеп кетті. Көлік жүргізушісі бұл оқиғаны көріп, таңғалғанын және бұл қылмысқа қатысының жоқтығын айтып отыр. Кейін сәбидің әкесі делінген ер адам ұсталды. Жалпы асырап алған анаға, жүргізушіге және сәбидің әкесіне қатысты төрт қылмыстық іс тергеліп жатыр. Қуанышев сәбидің әкесінің аты-жөнін атады - 1998 жылғы Сайлаубек Елдосов, Қаратау қаласындағы колледжде оқиды екен, ол да Талас аудандық Үшарал ауылының тұрғыны. Елдосов бастапқыда үйленемін деп, кейін жүкті қыздан бас тартқан еді.

Талас аудандық білім бөлімінің жетекшісі, мектеп директоры, Үшарал ауылдық округінің әкімі, Талас ауданының бас дәрігері мен оның орынбасары қызметтерінен кетті.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети