09 қаңтар 2018 09:15

Жаңа жыл түні екі адамды сабаған деген күдіктілер анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Полицецйлер Алматыда Жаңа жыл түні кафеде екі ер адамды соққыға жыққандардың аты-жөндерін анықтады. Бұл туралы қалалық ІІД-нің Криминалдық полиция басқармасының басшысы Жанболат Зиадин мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Полицецйлер Алматыда Жаңа жыл түні кафеде екі ер адамды соққыға жыққандардың аты-жөндерін анықтады. Бұл туралы қалалық ІІД-нің Криминалдық полиция басқармасының басшысы Жанболат Зиадин мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Барлық күдіктінің аты-жөні анықталды. Олардың бірі Қазақстан азаматы 1995 жылғы, Жамбыл облысының тумасы, өткен түнде ұсталып, қылмысын мойындады. Айта кетейік, бұған дейін ол кісі өлтіргені үшін сотты болған. Қылмыс жасаған басқа күдіктілерді ұстау бойынша жедел іздестіру шаралары жалғасып жатыр. Оларды ұстау уақыттың еншісінде. ҚР ҚПК-нің 128-бабының тәртібінде ұсталған адам уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деді Жанболат Зиадин.

Еске салайық, Алматыдағы Жетісу ауданында Жаңа жыл түні екі ер адам соққыға жығылған. Оқиға Райымбек даңғылы мен Күдерин көшесінің қиылысында болған. Instagram желісіндегі zhest_kz парақшасында жарияланған видеода екі ер адамның мекемеден шығып, кіреберістен 10-20 метр жерде тұрғанын байқауға болады. Олардың маңынан үш ер адам мен бір қыз өтіп бара жатады. Кенет олардың арасында жанжал шығып, соңында екі ер адам соққыға жығылған.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети