Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.08
EUR / KZT - 391.50
CNY / KZT - 50.00
RUB / KZT - 5.64

Жаңа жылдың екі күнінде Солтүстік Қазақстанда 14 мас жүргізуші ұсталды

04 Қаңтар 2015, 13:39
2
©СҚО ІІД Баспасөз қызметі
©СҚО ІІД Баспасөз қызметі

Жаңа жылдың алғашқы екі күнінде Солтүстік Қазақстан облысының Әкімшілік полиция басқармасының қызметкерлері 14 мас жүргізушіні ұстады, 295 жол ережесін бұзу дерегі тіркелді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жаңа жылдың екі күнінде облыста 14 мас жүргізуші ұсталды, оның үшеуі облыс орталығында құрықталды. Ұсталғандардың бірі - бұған дейін Петропавл қаласының көлік жүргізу құқығынан айырылған тұрғыны болып шықты. Сотқа жіберу үшін оларға қатысты әкімшілік материалдар жинастырылып жатыр. Осылайша, СҚО ІІД басшысының орынбасары, полиция полковнигі Серік Ыдырысовтың айтуынша, бағытталған профилактикалық жұмыстың арқасында Әкімшілік полиция басқармасының қызметкерлері жол қозғалыс ережесін бұзу мөлшерін азайтты.

"Екі күн ішінде облыста 295 жол ережесін бұзу дерегі тіркелді. Олардың көбі қауіпсіздік белбеуін тақпай жүрген жүргізушілер - 72. Көлік жүргізіп келе жатып ұялы телефон арқылы сөйлескен 60 жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жылдамдықты шектен тыс асырған 10 адамға айыппұл салынды. Сонымен қатар, 3 жүргізуші қарсы бағыттағы жол айрығына шығып кеткен. Көлік жүретін жолға қоқыс тастаған 11 адам жауапкершілікке тартылды", - делінген ІІД баспасөз қызметінің хабарламасында. Сонымен қатар, полицейлердің айтуынша, тыйым салынған жерлерде жолдан өтпекші болған 32 жаяу жүргінші жауапкершілікке тартылды.

Еске сала кетейік, 2014 жылы Қазақстанда 36 мың адам көлік жүргізу құқынан айырылғаны хабарланған болатын. Айта кетейік, 2014 жылдың қазан айынан бастап "Жол қозғалысы ережелері туралы" заңға енгізілген өзгерістерге байланысты мас күйінде көлік жүргізу жазасы күшейтілген еді. Сонымен, мас күйінде көлік жүргізу жазасы ретіндек көлік жүргізу құқынан 3 жылға, қайталап бұзған жағдайда 6 жылға айыру және 15 тәулікке әкімшілік қамау қарастырылған. Ал үшінші заңбұзушылық болған жағдайда жүргізу құқынан 10 жылға айырылып, 30 тәулікке қамау белгіленген.


Нравится
Поделиться
Пікірлерді көру (2)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай