02 қазан 2015 | 17:43

Жаңаөзенде екі айлық қызын сатпақ болған әйел ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©  Vgomele.by © Vgomele.by

Маңғыстау облысында екі айлық қызын сатпақ болған әйел ұсталды, - деп хабарлайды Lada.kz. Анасы өз баласын 100 мың теңгеге бағалаған.


Маңғыстау облысында екі айлық қызын сатпақ болған әйел ұсталды, - деп хабарлайды Lada.kz. Анасы өз баласын 100 мың теңгеге бағалаған.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, оқиға 28 қыркүйекте Жаңаөзенде болды. Емшектегі баланы сатпақ болған 28 жастағы әйел Қарақалпақстан азаматы болып шықты. Ол Жаңаөзенде тұрып жатқан.

"Әйелдің баланы басынан бері коммерциялық мақсатта пайдаланбақ болғаны белгілі болды. Ол босанғанға дейін баласын сатып алатын адамды іздеген. Ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының қызметкерлері ақпаратты алғаннан кейін баланы сатып алғысы келетін адамдарды ұйымдастырған", - деп хабарлады Маңғыстау облысы ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Әлия Шермағамбетова.

Әйелдер арасындағы келісім перзентхана маңында болды. Қарақалпақстан азаматы оқиға орнында ұсталды. Ол екі айлық қызының арқасында материалдық қиындықтарын шешкісі келгенін мойындады. Күдіктінің үй де, жұмысы да жоқ болып шықты. Оның күйеуі мен басқа балалары жоқ.

"Әйел адамның жеңіл жүрісті екені анықталған. Мұның қаншалықты рас екені тексеріліп жатыр. Қазіргі уақытта "Кәмелеттік жасқа толмағандарды сату" бабы бойынша сотқа дейінгі өндіріс қозғалды", - деді Шермағамбетова.

Егер жас әйел кінәлі деп танылса, ол 5-7 жыл аралығында бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 486.86   530.42   5.05 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети