Жантүршігерлік оқиға: Қарағандылық ерлі-зайыпты екі жасар қызын өртеп жібергенін мойындады

27 Желтоқсан 2016, 08:32
0
Жантүршігерлік оқиға: Қарағандылық ерлі-зайыпты екі жасар қызын өртеп жібергенін мойындады - "Астана" телеарнасының кадры
"Астана" телеарнасының кадры

Қарағандыда 2 жасар қыздарын алдымен иен далаға тастап, кейін үсіп қайтыс болған соң пешке өртеп жіберген ата-ана тергеуге алынды, - деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.

10 ай бұрын жасалған қылмыстың беті енді ғана ашылды. Телеарнаның мәліметінше, осынша уақыт ішінде бүлдіршіннің жоқ екеніне байқамаған ақ халаттылар мен кәмелеттік жасқа толмағандармен жұмыс істейтін мекеме қызметкерлері де жауапқа тартылуы мүмкін.

Жантүршігерлік оқиға биыл қаңтар айында болған. Алайда, қылмыстың беті осыдан екі апта бұрын ғана ашыла бастапты. Сұмдық жайтты бірінші болып, жергілікті тұрғын Галина Грущенко білген. Айтуынша, ол былтырғы ақпан айынан бері қызды көрмеген. "Қайда деп сұраған кезде анда-мында, кейде туған әкесінде деп сылтаурататын. Шындығында, осылай болып шықты. Мүмкін, күйеуінен қорыққан шығар. Өйткені күйеуі оны үнемі ұрып-соғатын. Алғашқы күйеуінен туған екі баласын да сабайтын", - дейді әжей. Ол осыдан кейін іштей күдіктенген соң, полицияға шағымданғанын айтады,

Облыстық прокуратураның дерегінше, күдіктілер далада қалған балғынды ертеңінде іздеп шыққан. 2 жасар қыз бала Үштөбе тас жолынан небәрі 200 метр жерде үсіп қайтыс болған. Оны мұнда өгей әкесі кешкі сағат 8 жарым шамасында тастап кетіпті. Ауыл сырты болғандықтан, бүлдіршіннің шырылдаған даусын ешкім естімеген.

Құзырлы орындардың мәліметінше, өгей әкесі бұрын адам өлтіріп, түрмеде отырып келген. Күдікке ілінген ананың кәмелет жасына толмаған тағы екі баласы бар екені анықталған. Осы оқиғадан соң олар қамқорлыққа алу органдарына жіберіліпті. Күдікті ата-ана енді Қылмыстық кодекстің 99-бабы, яғни "Көрінеу кәмелеттік жасқа толмаған адамды өлтіру" бойынша қамауға алынған.

"Өздерінің кәмелеттік жасқа толмаған, 2013 жылы туылған қызын тастап кеткен болатын. Суықтап ажал тапқан. Содан кейін күдіктілер баланың мәйітін тапқаннан кейін, пешке өртеп жіберген. Осы тергеу кезінде анықталған жайттар, яғни деректер, егер қандай да бір мемлекеттік органдар тарапынан құқық бұзушылықтар анықталса, тексеру жүргізіледі. Тұлғалар тиісті жауапкершілікке тартылады", - деді Қарағанды облыстық прокурорлар басқармасының аға прокуроры Шыңғыс Нұрдәулетов. 

33 жастағы ана мен 37 жастағы өгей әке әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардаң санатында екен. Сөйте тұра, 10 ай бойы дәрігерден тиісті екпелер алуға келмей, кенет жоқ болып кеткен бүлдіршінді ақ халаттылар іздеп, тиісті органдарға хабарламағаны көпке беймәлім болып отыр. Прокурорлар бұл жағдайды бақылауға алды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасады.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай