12 наурыз 2014 20:44

Жарты миллиард теңгенің мұнайын ұрлаған Қызылорда кәсіпкерлері сотталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет vesti.kz сайтынан Сурет vesti.kz сайтынан

Қызылордада құны жарты миллиард теңге болатын мұнайды ұрлағандары үшін екі ЖШС-ның директоры жауапқа тартылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Қызылорда облыстық қаржы полициясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. "ҚазМобилКоммерц" ЖШС-ның директоры Ж.А.Жақаев пен "КТДС Ойл" ЖШС-ның басшысы Ш.А.Дәрмешев бес жылға бас бостандықтарынан айырылды. Сондай-ақ мұнай ұрлаған қылмыскерлердің мүліктері тәркіленеді. "Алдын-ала келісілген топпен бірге әрекет етіп, 2009 жылдың қыркүйек айынан 2010 жылдың тамыз айына дейін аталған адамдар "ҚуатАмлонМұнай" БК ЖШС және "КМНПЗ" ЖШС терминалдарынан жалпы сомасы 565 милион теңгеден асатын 8,2 тонна өңделмеген мұнайды алуды және ауыстырып тиеуді жүзеге асырған, – делінген баспасөз қызметі мәлімдемесінде. Жақаев мен Дәрмешев 112 вагон-цистерна құжатсыз шикізатты өздерінің ЖШС-ның атынан заңдастырып "АНПЗ" ЖШС (Атырау), "ҚазХимИнвест" ЖШС (Жамбыл облысы) және "Синур ойл" ЖШС (Қаратау стансасы, Жамбыл облысы) мұнай өңдейтін зауыттарына өткізген. "Қызылорда қалалық соты "ҚазМобилКоммерц" ЖШС мен "КТДС Ойл" ЖШС басшыларын мұнай ұрлығына кінәлі деп шешті. Сонымен қатар, сот шешімімен Дәрмешев пен Жақаевтан заңсыз алынған және өткізілген шикізаттың құнына пара-пар 565 миллион теңге мемлекет пайдасына өндіріліп алынды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети