21 шілде 2015 12:23

Жасөспірімдерді қорқытып, жалаңаш түскен суреттері мен видеоларын жинаған адам ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© 24.kz © 24.kz

Қарағандыда жасөспірімдерді қорқыту арқылы олардың жалаңаш түскен суреттері мен видеоларын жинаған адам ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қарағанды облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Қарағандыда жасөспірімдерді қорқыту арқылы олардың жалаңаш түскен суреттері мен видеоларын жинаған адам ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қарағанды облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, қарағандылық полицейлер үркітіп-қорқыту арқылы жасөспірімдердің жалаңаш фото және видеоларын жинайтын азаматтың кім екенін анықтап, ұстады. 34 жастағы ер адам жасөспірімдерді жалаңаш күйдегі суреттерін фотоаппаратқа және видеоға түсіріп, WhatsApp арқылы жіберуге мәжбүрлеген.

"Ішкі істер департаментіне жасөспірімдердің ата-аналарынан белгісіз адамның тарапынан балаларына сексуалды сипаттағы күш көрсеткені туралы арыздар түсті. Ата-аналар арызбен бірге сөздерінің дәлелі ретінде белгісіз азаматпен хат алмасқан балаларының ұялы телефонын көрсетті", - делінген хабарламада.

ІІД мәліметінше, қала орталығында, күндізгі уақытта облыстық ІІД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының жедел уәкілдері күдіктіні қолға түсіру операциясын жүргізді. Күдікті азамат қала орталығындағы құрылыс нысандарының бірінде күзетші болып жұмыс істеп жүріп, бос уақытын жасөспірімдермен хат жазысуға арнаған. Алайда әріптестерінің арасында мұндай әрекетіне байланысты күдік тудырмаған. Күдікті өз күнәсін жоққа шығармады, себебі ұсталған сәттің өзінде оның ұялы телефонына хаттар келіп жатты. Бүгінгі таңда ұсталған азамат уақытша ұстау изоляторына қамалды, сотқа дейінгі тергеп тексеру амалдары жүріп жатыр.

 
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети