22 тамыз 2014 12:11

Желілік полицияның бөлім бастығы парамен ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Желілік ішкі істер басқармасының бөлім бастығы Ысқақов©Алматы қаласы бойынша ЭҚЖКД баспасөз қызметі Желілік ішкі істер басқармасының бөлім бастығы Ысқақов©Алматы қаласы бойынша ЭҚЖКД баспасөз қызметі

"Алматы-1" станциясындағы желілік ішкі істер басқармасының бөлім бастығы 84 мың теңге көлемінде пара алды деген күдікпен ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Алматы қаласы бойынша экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Тергеу материалдарына сәйкес, тамыздың 20-сы күні департаментке жеке кәсіпкердің (сол жерде сауда жасайтын келіншектердің бірі) атынан арыз түсті. Ол өзінен "Алматы-1" желілік ішкі істер басқармасында істейтін лауазымды тұлғаның  84 мың теңге талап еткенін айтқан. Бұл соманы ол әйелдің теміржол станциясында кәсіпкерлік қызметті емін-еркін жүргізуіне рұқсат беру үшін талап етіпті.

"Сол күні шұғыл іздестіру шаралары барысында 84 мың теңгені алған қоғамдық қауіпсіздік бөлімінің басшысы Б.Ысқақов ұсталды. Қазіргі кезде оған қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 311-бабының 2-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды", - делінген ресми хабарламада. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети