06 мамыр 2019 13:31

Жеңгетайлық кызмет көрсету үшін пәтерін жалға берген пәтер иесіне айыппұл салынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Chitaitext.ru © Chitaitext.ru

Нұр-сұлтанда пәтер иесіне үй-жайды жеңгетайлық кызмет көрсетуге жалға бергені үшін айыппұл салынды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі елордалық полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Нұр-сұлтанда пәтер иесіне үй-жайды жеңгетайлық кызмет көрсетуге жалға бергені үшін айыппұл салынды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі елордалық полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Учаске" жедел алдын-алу іс-шарасын жүргізу барысында учаскелік полиция инспекторы өзінің әкімшілік аумағын тексеру барысында, Ш.Уәлиханов көшесіндегі үйдің бірінен 1979 жылғы Ш. есімді азаматшаның Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 450 бабының 1-ші тармағын бұзу фактісі анықталды. Атап айтқанда, көрінеу жезөкшелікпен айналысу немесе жеңгетайлық үшін үй-жайлар ұсыну.

Нұр-Сұлтан қаласының Мамандырылған ауданаралық әкімшілік соты 40 жастағы Ш. есімді азаматшаны 100 АЕК айыппұл көлемінде әкімшілік жауапкершілікке тартты.

"Учаске" жедел алдын-алу іс-шарасы басталғалы учаскелік инспекторлар 240 мыңға жуық  пәтерлер мен 30 мыңнан астам жеке үйлерді  аралап шықты. Жедел алдын-алу іс-шарасын жүргізу барысында ІІО тіркеуде тұрған 2600-ден астам жуық азамат тұрғылықты жері бойынша тексерілді.

Іс-шараны жүргізу барысында жалға берілетін 700-ге жуық пәтер  тіркеліп, олар туралы ақпарат Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер Департаментіне жіберілді.

Жалпы "Учаске" жедел алдын-алу іс-шарасы басталғалы 6000-нан астам азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде 300-ден астамы ҚР ӘҚБтК 434-бабы "Ұсақ бұзақылық" бойынша, сонымен қатар, 2600-нан астамы ҚР ӘҚБтК-нің 492 бабы "Қазақстан Республикасында тiркеусiз не жеке басты куәландыратын құжаттарсыз тұру"  бойынша және тағы басқалары. 

Қазақстан Республикасының көші-қон заңын бұзған 1900-ге жуық шетел азаматы анықталды.

Еске сала кетсек, Нұр-Сұлтан қаласында ағымдағы жылдың 01 сәуірі  мен 30 маусымы аралығында "Учаске" жедел алдын - алу іс-шарасы өткізілуде.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети