ПОДЕЛИТЬСЯ
06 мамыр 2019 | 13:31
Жеңгетайлық кызмет көрсету үшін пәтерін жалға берген пәтер иесіне айыппұл салынды
Нұр-сұлтанда пәтер иесіне үй-жайды жеңгетайлық кызмет көрсетуге жалға бергені үшін айыппұл салынды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі елордалық полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Нұр-сұлтанда пәтер иесіне үй-жайды жеңгетайлық кызмет көрсетуге жалға бергені үшін айыппұл салынды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі елордалық полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Учаске" жедел алдын-алу іс-шарасын жүргізу барысында учаскелік полиция инспекторы өзінің әкімшілік аумағын тексеру барысында, Ш.Уәлиханов көшесіндегі үйдің бірінен 1979 жылғы Ш. есімді азаматшаның Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 450 бабының 1-ші тармағын бұзу фактісі анықталды. Атап айтқанда, көрінеу жезөкшелікпен айналысу немесе жеңгетайлық үшін үй-жайлар ұсыну.
Нұр-Сұлтан қаласының Мамандырылған ауданаралық әкімшілік соты 40 жастағы Ш. есімді азаматшаны 100 АЕК айыппұл көлемінде әкімшілік жауапкершілікке тартты.
"Учаске" жедел алдын-алу іс-шарасы басталғалы учаскелік инспекторлар 240 мыңға жуық пәтерлер мен 30 мыңнан астам жеке үйлерді аралап шықты. Жедел алдын-алу іс-шарасын жүргізу барысында ІІО тіркеуде тұрған 2600-ден астам жуық азамат тұрғылықты жері бойынша тексерілді.
Іс-шараны жүргізу барысында жалға берілетін 700-ге жуық пәтер тіркеліп, олар туралы ақпарат Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер Департаментіне жіберілді.
Жалпы "Учаске" жедел алдын-алу іс-шарасы басталғалы 6000-нан астам азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде 300-ден астамы ҚР ӘҚБтК 434-бабы "Ұсақ бұзақылық" бойынша, сонымен қатар, 2600-нан астамы ҚР ӘҚБтК-нің 492 бабы "Қазақстан Республикасында тiркеусiз не жеке басты куәландыратын құжаттарсыз тұру" бойынша және тағы басқалары.
Қазақстан Республикасының көші-қон заңын бұзған 1900-ге жуық шетел азаматы анықталды.
Еске сала кетсек, Нұр-Сұлтан қаласында ағымдағы жылдың 01 сәуірі мен 30 маусымы аралығында "Учаске" жедел алдын - алу іс-шарасы өткізілуде.
Показать комментарии
Читайте также