28 қараша 2015 21:13

Жезқазған тұрғыны өз анасын ұрып-соғып, тонап кеткен

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жезқазған қаласынан 28 шақырымдағы Жезқазған ауылының 34 жастағы тұрғыны Константин Цветаев бетперде киіп, өз анасы 55 жастағы Раиса Цветаеваны үйінің кіреберісінде ұрып-соғып, тонап кеткен. Бұл туралы жергілікті "Криминальные новости" газеті хабарлады.


Жезқазған қаласынан 28 шақырымдағы Жезқазған ауылының 34 жастағы тұрғыны Константин Цветаев бетперде киіп, өз анасы 55 жастағы Раиса Цветаеваны үйінің кіреберісінде ұрып-соғып, тонап кеткен. Бұл туралы жергілікті "Криминальные новости" газеті хабарлады.

Полицейлердің өзінің жағасын ұстатқан оқиға 2015 жылдың мамырында болыпты. Алайда бұл туралы енді ғана белгілі болып отыр. 

Бұл іске ол қаражаттың жетіспеушілігінен барыпты. Оның анасы дүкен қожайыны екен. Ол баласына ақша да беріп келген, тіпті автомобиль сатып әперіпті. Алайда Константиннің өмірі өзі ойлағандай болмайды, әйелімен ажырасады, сөйтіп, пәтерінен де айырылған. 

Баспанасыз қалған ер адам банктен кредит алған, бірақ оны уақытылы төлеп тұра алмаған. Ол анасынан бірнеше рет ақша алып кетіп тұрған. Бірақ ол тағы да келіп, ақша сұрауға ұялған. "2015 жылдың 31 мамырында Константин Цветаев өз анасы Раиса Цветаеваға бармақшы болған. Ол дүкенге көлігімен барады. Әңгіме барысында Цветаев анасының дүкенді жауып, үйіне қайтатынын білген. Ол анасының ақшаны өзімен бірге алып жүретінін де біліп алған. Сөйтіп, Константин Цветаев арам ниетте материалдық пайданы заңсыз табу жолында өз анасын тонамақшы болады", - деп келтіреді басылым қылмыстық іс материалдарынан.

"Ол анасы тұратын үйге келіп, өзінің бет-әлпетін бетпердемен жауып, үйдің кіреберісіне кіріп, анасын күткен. Кейін анасы кіріп қалғанда ол ағашпен анасына үш рет соққы жасап, сөмкесін алып кеткен. Ол сөмке ішіндегі қаражатты алып, сөмкені лақтырып тастаған", - делінеді тергеу материалдарында.

Анасы болған оқиғаны дереу полицияға жеткізеді. Алайда қылмысты өз баласының жасағанын білген кезде Раиса оған тағы да көмекке келмекші болады. "Маған шығын келген жоқ. Баламды босатуларыңызды сұраймын, мен оны кешірдім", - деп мәлімдеді анасы Сәтпаев аудандық сотында.

Қорытындысында сот оның жағдайын ескере отырып, үш жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды. Сонымен қатар, ол 80 сағатқа мәжбүрлі жұмысқа жегілетін болды.

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети