19 қыркүйек 2016 23:37

Жезқазғанда 10 жастағы қызды зорламақ болған ер адамды көшедегілер ұстап алып, видеоға түсірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Куәгер түсірген видеоның кадры Куәгер түсірген видеоның кадры

Жезқазғанда 10 жастағы қызды зорламақ болған ер адамды көшедегілер ұстап алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Жезқазғанда 10 жастағы қызды зорламақ болған ер адамды көшедегілер ұстап алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Куәгерлердің айтуынша, ер адам қызды ұстап алып, жерге құлатқан соң қылғындыра бастаған. Оқиғаны кездейсоқ көріп қалғандар қызға көмекке ұмтылады. Олар ер адамды ұстап, қызды құтқарып қалған. Олардың бірі сол арада полицияға хабарлап, оқиғаны айтып берген. Ал куәгерлердің бірі күдіктіні ұялы телефонының камерасына түсіріп алған. Ал күдікті ештеңе де істемегін айтып, ақтала бастаған. Осыдан кейін видео авторы куәгерлерден оқиға жайлы сұрастырады. Айтуларынша, ер адам қызды жерге құлатып, зорламақ болыпты. 

Облыстық ІІД өкілдері қазіргі уақытта ер адамның ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалғанын хабарлады. Кәмелет жасына толмаған адамға қатысты зорлық жасау әрекеттері дерегі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 24-121-бабы бойынша соталды тергеу басталыпты. Тергеу жүріп жатыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети