11 шілде 2014 12:01

Жезқазғанда мемлекеттік қызметкер параны соғыммен алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©oppps.ru ©oppps.ru

Жезқазғанда салық басқармасының бұрынғы қызметкері алаяқтық пен пара алғаны үшін айыпталып отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz  Қарағанды облыстық қаржы полициясы департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Жезқазғанда салық басқармасының бұрынғы қызметкері алаяқтық пен пара алғаны үшін айыпталып отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz  Қарағанды облыстық қаржы полициясы департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Ресми ақпаратқа сәйкес, өткен айда облыстың екі тұрғыны қаржы полициясына келіп, Ж. есімді азаматтың үстінен арыз түсірді. Бұрын ол Жезқазған қаласы бойынша салық басқармасында жеке тұлғалардың салық есебін қабылдау мен талдау бөлімінің жетекші маманы болып жұмыс істеген. Арыз берушілердің айтуынша, олар мемлекеттік қызметкер арқылы үш жыл бойы көлік салығын төлеу мәселесін шешіп келген.

Осы уақыттың ішінде салық басқармасының маманы 330 мың теңге және жылқының бір тушасын соғым ретінде алды. Ал сол параның орнына салық бойынша ешбір қарыздың жоқтығы туралы анықтамаларды беріп отырған. Алайда ол құжаттардың барлығы жалған болып шықты. Арыз берушілердің біреуіне көлік салығы бойынша қарыз бар деген ескерту, ал екіншісіне сотқа шақыру қағазы келгеннен кейін олар қаржы полициясының көмегіне жүгінуді жөн көрді. Парақор қызметкер болса, жылдың басында басқа мемлекеттік қызметке ауысып үлгерді. 50 мың теңге көлеміндегі ақшаны қайтарам деген кезде ол қаржы полицейлерінің қолына түсті. 

Бүгінде Ж. есімді азамат алаяқтық және пара алғаны үшін айыпталып отыр. Әзірше, ол айыппұл төлеп, бостандықта жүр. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети