26 қараша 2017 | 18:08

Жезқазғанда сот ғимаратында өзін пышақтап тастаған ер адамға қатысты сот үкімі шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жезқазғанда сот ғимаратында өзін пышақтап тастаған ер адамға қатысты сот үкімі шықты. 28 жастағы ер адам алаяқтық жасағаны үшін шартты түрде 3 жылға бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Жезқазғанда сот ғимаратында өзін пышақтап тастаған ер адамға қатысты сот үкімі шықты. 28 жастағы ер адам алаяқтық жасағаны үшін шартты түрде 3 жылға бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қылмыстық істің материалдарына қарағанда, Жанболат Оспанов биыл қаңтар айының соңында бұрынғы екі әріптесіне қатысты алаяқтық жасаған.

"Сот Оспанов Жанболат Қуанышбекұлын ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабының 3-бөлігі 3-тармағы бойынша айыпты деп танып, үш жылға бас бостандығынан айырылды. ҚР Қылмыстық кодексінің 63-бабына сәйкес, бұл жаза шартты жаза деп танылды. Сондай-ақ, ҚР Қылмыстық кодексінің 44-бабына сәйкес, оған пробациялық бақылау енгізілді", - делінген соттың үкімінде.

Еске сала кетейік, биыл мамыр айында "Қазақмыс" корпорациясының бұрынғы қызметкері Жезқазған қаласының сот ғимаратында өзін пышақтап тастаған болатын. Ал кейінірек ер адамның қала әкімімен және ҰҚКД басшысы, сондай-ақ, "Нұр Отан" партиясының өкілдерімен кездесуді талап еткені белгілі болды.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети